Ізденіс ілгері бастырды

0

Ауылдық округтер және аудан әкімінің халық алдында есеп беруі өткен сәрсенбі күні айдарлы, Биназар, Бірлік ауылдарында жалғасты. Аталған ауылдарда тиісінше алдымен округ әкімдері
Әділет Мұқашев, Бағдат Наурызбаев, Қанат Көпбаевтар өздеріне қарасты округтерде 2019 жылы атқарған жұмыстарға жан-жақты тоқталды.

Сондай-ақ жиналған көпшілікті биылғы жылы атқарылатын жұмыстармен таныстырып өтуді де ұмыт қалдырмады. Содан соң ғана аталған үш округте аудан әкімі Мәден Мұсаев өз есебін слайдты пайдалана отырып берді. Аудан әкімі, ауылдық округ әкімдерінің есепті баяндамалары алдын ала аудандық «Мойынқұм таңы» газетінде жарияланғандықтан аудан басшысы көптеген цифрларды айтып, елдің басын ауыртпады. Дегенмен, ауданның өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, ауыз су, жол, білім, денсаулық, мәдениет, спорт салаларына жеке-жеке тоқталып өтті.

Аталған үш округ тұрғындары мал шаруашылығымен қоса өткен жылы егін шаруашылығына басымдық бергені белгілі. Дәлірек айтқанда 20 жылдан бері былтыр алғаш рет аудан шаруашылықтарының каналдары тазаланып, егістікке су келген болатын. Ал оны шаруалар тиімді пайдаланып егіннен мол өнімге қол жеткізді. Сөйтіп, ізденіс ілгері басты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.