Тұрғындар тілегі назарға алынды

0

Өндірістік аймақтағы ірі елді-мекен Шығанақ ауылында өткен жиында округ әкімінің міндетін атқарушы Ерік Үсенов пен аудан әкімі Мәден Мұсаевтың есептерін ауыл тұрғындары зор ықыласпен тыңдады.

Есептен соң ауыл тұрғындары Е.Оспанқұлов, О.Шушакова, Е.Дүйсенов, Ж. Мәшекиев, А.Тойбазаровтар жедел жәрдем категориясын алып тастаса, Балқаш көшесінен оқушыларды тасуға автобус бөлінсе, су құбырын тарту кезінде қазылған жерді көміп тастаса, спорт комплексі салынса, ауылдық округ әкіміне бір кездері берілген трактор қайтарылса деген ұсыныстарын жеткізді.

Тұрғындардың сауалына аудандық аурухананың бас дәрігері Ж.Әйтішев, аудандық білім бөлімінің басшысы Ж.Жазықбаев жауап берді. Аудандық соттың төрағасы Б.Абуев Қазақстан Республикасының Қылмыстық, «Неке» (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы», «Әкімшілік-құқық бұзушылық туралы Кодекстеріне енгізілген өзгерістерді жан-жақты слайд арқылы түсіндіріп берді.

Жиынға қатысушылар аудан әкімі мен ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының есептеріне оң бағасын берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.