«Еңбек» бағдарламасының пайдасы қандай?

0

Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасына сәйкес» Бағдарламаның бірінші бағытына – техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен қарастырылған 9874,0 мың. теңгеге 50 жұмыссыз азамат оқытылады деп болжануда.

Оқу Тараз қаласында 3 мамандық (оператор-погрузщик, оператор– эксковатора, водитель-самосвалов) бойынша 2020 жылдың 1 ақпанынан басталады деп күтілуде. 3 мезгіл тамақ адам басына 5302 теңге, жатын орын 13255 теңге, шәкіртақы 16759 теңге, бұған 10604 теңге жол ақысы қосылып беріледі. Оқуларын аяқтаған азаматтарды осы мамандықтарға өтінім берген жол құрылысын жүргізіп жатқан мекемелер жұмысқа қабылдаулары қажет. Оқуға жазылыңыздар, анықтама алу үшін 2-49-70 телефонына байланысуға болады.

2-бағыт — Жаппай кәсіпкерлікті дамыту. Бұл бағыт шеңберінде мынадай міндеттер шешілетін болады:

  1. Бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту.
  2. Ауылдағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау. Бағдарламаға қатысушының кредит, микрокредит алуы үшін міндетті шарт салық заңнамасына сәйкес оның салық органдарында тіркелуі болып табылады. Кредиттер жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту, ауыл шаруашылығы кооперативтерін ашу үшін берілетіндігін түсіндіре отырып, құрылатын жұмыс орындарының шартымен ұсынылатындығын ескертеміз.
  3. Ауылдағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдаудың тағы бір бағыты 29-ға дейінгі жұмыссыз жастарды, көп балалы аз қамтылған отбасылардағы жұмыссыз азаматтардың, жұмысқа рұқсаты бар мүмкіндігі шектеулі азаматтар жаңа бизнес идеяларын іске асырып, өздері бір кәсіппен айналысу үшін 200 есептік көрсеткіш көлемінде қайтарымсыз несие берілуде. Критерийі «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқығандығы туралы сертификаты.

3-бағыт — Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту. Бағдарламаның үшінші бағытында мынадай міндеттерді іске асыру көзделеді:

  1. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау, кәсіп таңдауда көмек көрсету, оқу және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультациялар;
  2. Лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналасуға

жәрдемдесу;

  1. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру үшін республикалық бюджеттен 23238 мың, жергілікті бюджеттен 4739 мың теңге қаражат бөлініп отырғанын хабарлай отырып, жұмыс беруші жұмыспен қамту орталығымен уағдаластық бойынша жалақысының 35% субсидиялай отырып, жұмыссыз жүрген азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орнын құрады. Әлеуметтік жұмыс орындары барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады. Критерийі келісім-шарт аяқталғаннан кейін облыс әкімінің индикаторлық көрсеткішіне орай жіберілген жұмыссыздарды 100 пайыз тұрақты жұмыспен қамтуы тиіс.
  2. Жастар практикасын ұйымдастыру үшін республикалық бюджеттен 23859 мың, жергілікті бюджеттен 6486 мың теңге қаражат бөлініп отыр. Жастар практикасы меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуы мақсатында, білім беру ұйымдарының оқуды аяқтағаннан кейінгі 3 жыл ішіндегі және жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арналған бағдарлама. Критерийі келісім-шартпен отырған мекеме аяқталғаннан кейін облыс әкімінің индикаторлық көрсеткішіне орай жіберілген жұмыссыз жастарды 6 ай ішінде тәлімгер тағайындап, жұмысқа баулып, 100 пайыз тұрақты жұмыспен қамтуы тиіс.
  3. қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттен 105000 мың теңге қаражат қарастырылып отыр, жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамту үшін ұйымдастырылады.
  4. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру, жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету, өңірлердегі диспропорция мен демографиялық теңгерімсіздікті жою мақсатында бағдарлама шеңберінде өз еркімен қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру. Бағдарламаға қатысушыларға мемлекеттік қолдау — атап айтқанда:
  5. көшуге субсидия- әрбір отбасы мүшесіне отыз бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет,
  6. тұрғын үйді жалдау бойынша шығыстарды өтеуге субсидия, жалпы үкімет айқындаған өңірлерге көшуге қатысушыларға қоныс аудару және жұмысқа орналасу фактісі бойынша да мемлекеттік қолдаулар көрсетіледі. 2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап аз қамтылған азаматтарды қолдаудың жаңартылған түрі- атаулы әлеуметтік көмек әрекет ете бастады. Мемлекеттік көмекті алуға мұқтаж және жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек ұсыну мәселелері бойынша консультация алғысы келген азаматтар тұрғылықты жері бойынша ауыл әкімдеріне, жұмыспен қамту орталығының мамандарына, консультантқа, ассистентке жүгіне алады. Атаулы әлеуметтік көмек- жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейлік шегінен төмен жеке адамдарға (отбасыларға) мемлекет ақшалай нысанда беретін төлем. Жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек қолданыстағы бағдарламалардан негізгі айырмашылығы -бұл отбасының жекеленген қажеттіліктеріне бағытталған тәсілдің кешенділігі. Әлеуметтік қорғаудың тәжірибесінде алғаш рет жұмыс өтініш берушімен ғана емес, отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің барлығымен жүргізіледі.

Б. ҚАЛЫМБЕТОВА,

аудандық халықты жұмыспен

қамту орталығының директоры.

Leave A Reply

Your email address will not be published.