Үкімет отырысында жамбылдық жоба айрықша айтылды

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің Премьер-Министрі Асқар Мамин Жамбыл облысында «Қарапайым заттар экономикасын» дамыту бағытында жүзеге асып жатқан пилоттық жобаға айрықша тоқталды.
— Өңір тұрғындарының 60 пайызы ауылдық жерде тұратын Жамбыл облысында халықтың қосалқы жерлерін пайдаға жаратып, тұрғындардың тұрмысын түзеу бағытында ауқымды жоба жүзеге асуда. Аталған жоба аясында алдағы 2 жылда ауыл шаруашылығы өнімдері — 34 пайызға, өндіріс орындарының жүктемелері – 30 пайызға артып, 4000-нан аса жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде, — деді Премьер-Министр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.