Еңбектері еленді

0

Өткен жылдың соңында Жамбыл облысының 80 жылдық мерейтойына орай өңірге сіңірген еңбектері үшін облысымыздың бірқатар азаматтары марапатталған болатын. Олардың қатарында ауданымыздың дамуына үлес қосып жүрген тұрғындар да бар.

Осыған байланысты, жуырда ғана аудан әкімі Жарылқасын Айтақов жиын өткізіп, өзінің орынбасары Әлихан Балқыбековке, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Тынышхан Аристеевке, Жаңақоғам ауылдық округінің әкімі Найля Қондыбаеваға және аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Айдар Мұқатаевқа «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін табыстады.

Аудан басшысы Жарылқасын Әбдіғапарұлы марапат иелерін  құттықтап, алдағы уақытта атқаратын жұмыстарына сәттілік тіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.