Ел игілігі жолындағы еңбектері еленді

0

Өңірдің дамуы мен өркендеуіне, қоғамдағы келелі мәселелердің  оң шешім табуына, ұрпақ бойына  ұлттық құндылықтарды дарытуға, Елбасы  саясатының жүзеге асуына  бір кісідей үлес қосып жүрген аудандағы  алдыңғы  толқын ағалардың бірі және бірегейлері, аудандық ардагерлер ұйымы кеңесінің  төрағасы  Қазақбай  Байжұманұлы  қалалық және  аудандық ардагерлер  кеңестерінің  2019 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы бойынша өткізген рейтингте екінші орынға, сол секілді қалалық ардагерлер ұйымы кеңесінің төрағасы Қуанышбек Қарғабаев үшінші орынға ие болып,  Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің  төрағасы  Е.Солтыбаевтың қолынан арнайы диплом алып қайтты.

Еңбегі еленген қазыналы қарттарымыз алдағы  уақытта да әр істе қырағылық танытып, бірлік пен берекенің бастауы болып жүре берсін демекпіз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.