15 талапкер магистратураға түсу емтиханынан шеттетілді

0

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің алдын алу және парасаттылық басқарма басшысының м.у.а. Д.Омаров айтып өтті.

Облысымызда 2019 жылдың 10-14 тамызы аралағында магистратураға түсу үшін талапкерлер кешенді тестілеуден өтті.

Тестілеу жұмыстарына департамент қызметкерлері, арнайы мониторингтік топ өкілдері және «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі бақылаушы болып қатысты.

Емтихан тестілеуіне қатысқан 778-і талапкерден, кірер алдында 517 ұялы телефон, 80 шпаргалка, 6 корректор алынған. Кешенді тестілеудің жалпы нәтижесі бойынша 15 студент емтихан барысында ұялы телефон қолданғаны үшін тестілеу залынан шеттетіліп, акт толтырылып, тестілеуге қатысудан босатылды.

 Аталған бақылау жұмыстары бұрын-соңды болмағандығын және білім ордасына тек адал біліммен түсетін азаматтарды қабылдауды көздедік деп жеткізді, ҚР Сыбайлас жемқорлққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің алдын алу және парасаттылық басқарма басшысының м.у.а. Д.Омаров.

Leave A Reply

Your email address will not be published.