Таразда облыстық ауыл әйелдерінің форумы өтті

0

Тараз қаласында ауыл әйелдерінің облыстық форумы өтті. Жамбыл облысының әкімдігі, Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясының ұйымдастыруымен қолға алынған жиынға ауыл әйелдері, кәсіпкерлер, ауылдық округтердің әкімдері мен өзге де меймандар қатысуда. Айта кетер жайт, форумның өтуіне әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ұлттық комиссия, халықаралық «Coca Cola» қоры мен «EXPO&WOMEN» халықаралық ұйымы қолдау білдірген.

Пленарлық отырыстар барысында кәсіпкер келіншектерге көрсетіліп отырған қолдаулар, әлеуметтік мәселелерді шешу арқылы ауылдағы өмір сүру сапасын жақсарту, агротуризмді дамытудағы әйелдердің рөлі, ауыл әйелдері арасында көшбасшыларды шығару, жұмыссыз әйелдерді қолдау жөніндегі шаралар, отбасы құндылықтары мен қазіргі заманғы гендерлік саясат, ауыл шаруашылығымен айналысатын әйелдерге несие беру мәселелері көтерілді.

Сондай-ақ, жиын барысында ауыл әйелдерінің республикалық форумына делегаттар сайланып, кәсіпкер келіншектер өндіретін тауарлардың көрмесі де өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.