«Жастар орталықтарының» қызметкерлері сынға түсті

0

Халықаралық жастар күніне орай «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі қызметкерлері арасында облыстық «Жаңарған Жамбылға — 80 жыл» атты спартакиада өтті, – деп хабарлайды «Shanyraq.info» ақпарат агенттігі.

Спартакиаданы Жуалы ауданы әкімінің орынбасары Асхат Жабағы ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Спартакиаданың бас төрешісі аудан әкімдігі спорт және денешынықтыру бөлімінің басшысы М.Арзымбетов жарыс тәртібімен толық түсіндіріп өтті.

Аталған шараға 7 аудан 1 қалалық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің қызметкерлері қатысып, спорттың төрт түрінен сайысқа түсті. Шара жеңімпаздары Жуалы ауданы әкімі Нарбай Ергебековтің атынан дипломдар және сыйлықтармен марапатталды. І орын — Байзақ ауданы, II орын — Жуалы ауданы, ІІІ орын — Тараз қаласына бұйырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.