«Отар» әскери базасында «АрМИ-2019» ойындары өтуде

0

Қордай ауданында орналасқан «Отар» 40-әскери базасында «АрМИ-2019» халықаралық армиялық ойындары өтуде, – деп хабарлайды «Shanyraq.info» ақпарат агенттігі.

Халықаралық армия ойындары биыл 5 жыл қатарынан өткізіліп жатыр. 10 мемлекет территориясында өтіп жатқан сайыстарға 39 елдің әскерилері қатысуда.

Соның бір парасы өтіп жатқан «Отар» 40-әскери базасында 7-15 тамыз аралығында Әзербайжан, Армения, Беларусь, Венесуэла, Зимбабве, Мысыр, Иран, Қырғызстан, Ресей, Сирия, Тәжікстан, Өзбекстан, Қытай елдерінен әскерилер дронды ұшыру, артиллериялық қарудан оқ атудан бақ сынайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.