Туған өлке тарихымен танысты

0

Облыс аумағында «Ұлы дала елінің киелі мұрасы» атты тарихи экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған «Менің тарихым, менің халқым, менің елім» атты жастар экспедициясы өз мәресіне жетті, – деп хабарлайды «Shanyraq.info» ақпарат агенттігі.

Екі маршурттан тұратын экспедиция кезінде жастар өңірдегі барлық тарихи орындарда болды. Туған өлке тарихын тануды мақсат еткен жастарға облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесі басшысының орынбасары Сәуле Құрманқұлова, аталған мекеменің бас сарапшысы Альбина Тапаева сәт сапар тілеп жолға шығарып салды.

Экспедиция қатысушылары ең әуелі «Көне Тараз» кешенінде барды. Мұнда қатысушылар арасында логикалық тапсырмалары бар квест-ойындары өткізілді. Бірлескен экскурсиядан кейін қатысушылар екі бағыт бойынша бөлініп, жолға шықты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.