Тәтті түбір өсірушілер бас қосты

0

Меркі ауданында «Инновациялық тәсілдерді қолдана отырып, қант қызылшасын өсірудің өнімділігін арттыру» тақырыбында дала семинары өтті, – деп хабарлайды «Shanyraq.info» ақпарат агенттігі.

Қызылшадан қыруар пайда табатын шаруалар білгендерін басқаларға үйрете отырып, өзара тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған шараның өтуіне облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы ұйытқы болды. Бұл жиынға аймақ басшысының орынбасары Мұратхан Шүкеев, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Берік Нығмашев, аудан әкімдерінің орынбасарлары, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшылары, шаруашылық жетекшілері мен тыңайтқыш және өсімдік қорғау құралдарын өндіру-жеткізу мекемелерінің өкілдері қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.