Бизнесті қаржыландыру қарқынды

0

Жуалы ауданында 5 шағын микрокредиттік ұйымдар  кәсіпкерлік субъектілеріне  несие тарату қызметімен айналысады. Өткен жылдың қаңтар-маусым айларында осы ұйымдар барлығы 2 513 адамға 1 395 075,0 мың теңге несие, оның ішінде «KazMicroFinance» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аудандағы бөлімшесінен  1626  адам  915 млн. 215 мың  теңге несие алған, – деп хабарлайды «Shanyraq.info» ақпарат агенттігі.

«Жуалы» несие серіктестігі» ЖШС 23 адамға 167 млн. 777 мың теңге несие берген. «Азия несие қоры» ЖШС-гі 476 тұрғынға  151 млн. 868 мың  теңге көлемінде несие таратыпты. «Арнұр-Кредит» ЖШС-гі микрокредиттік ұйымы арқылы 388 адам 160 млн. 215 мың теңге несиеге қол жеткізіпті. Ал «Жуалы-Рантье» шағын кредиттік ұйымы қаңтар-наурыз  айларында ешқандай несие таратпаған, тек бұрынғы берілген несиелерді жинақтау жұмысымен айналысып жатыр екен.

«Қазгидрооперейтинг» ЖШС «Көк сай» каналының бойынан қуаттылығы 18 мВт. құрайтын кіші су электр станцияларының құрылысы жүргізуде. Жоба құны 5,2 млрд. теңгені құрайды. Бүгінгі күні «Қазгидрооперейтинг» ЖШС-гімен  ГЭС-тің 4 каскадын тұрғызу үшін іргетасын бекіту және бетондау жұмыстары жүргізілді. Электр станциясының құрылғылары тапсырыспен Австрия мемлекетінде дайындалуда. Бірінші каскадты іске қосу ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының соңына, ал толықтай іске қосу 2019 жылдың соңына жоспарлануда. Қазіргі уақытқа осы кәсіпорынмен негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 494,0 млн.теңгені құрапты.

Кәсіпкерлікті қолдау картасын  өзектендіру мақсатында, бүгінгі күні ауданда жаңа ережелердің талаптарына сай келетін 1 жобамен жұмыс жүргізілуде екен.  Ол, Шақпақ  ауылдық округінен қуаттылығы жылына 17 550 тонна жол битумын шығаратын кіші зауыт құрылысының басталуы. Жоба құны 161,0 млн.теңгені құрайды. Құрылысты «Шақпақжол Сервис» ЖШС-гі жүргізуде.   Жоба облыстық кәсіпкерлікті қолдау картасына енді

Есепті мерзімге «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының бірінші бағытымен субсидияланатын  несие алу және инфрақұрылым жүргізу мақсатында ауданның ауылдық округтерінен келіп түскен ұсыныстар (жобалар) сараланып, 6 нақты жобамен жұмыс жүргізіліпті. Бүгінгі күнге 6 кәсіпкер нәтижелі жұмыстар атқарып,  аймақтық үйлестіру кеңесінің оң шешімін алып, екінші деңгейлі банктерден несие алып жұмыстарын бастаған.  Жалпы  6 кәсіпкер 112,522 млн. теңге көлемінде несие алып, нәтижесінде 17 жаңа жұмыс орын ашылған екен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.