Ақпараттық топ мүшелері біліктіліктерін арттырды

0

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау жұмыстарын ұйымдастыру» жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру топтарының түрлі деңгейдегі мүшелерін оқыту курсы басталды, – деп хабарлайды «Shanyraq.info» ақпарат агенттігі.

Аталмыш шараны облыс әкімдігі Дін істері басқармасының  бөлім басшысы Еркебұлан Ақбай  ашып, курс жұмысына сәттілік тіледі.

АТТ мүшелері мен мамандарының біліктілігін арттыру бағытында ұйымдастырылып отырған маңызды курстың бағдарламасы 40 академиялық сағатқа құрылған. Курсқа Алматы және Жамбыл облыстарының дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру топтарының 72 мүшесі қатысты.

Қатысушыларға «Нұр-Мүбәрәк» Египет Ислам мәдениеті университетінің оқытушысы Асқар Сабдин «Ислам дінінің негіздері: қазіргі кезеңдегі Ислам» факторы»,  сарапшы-теолог, ҚР АҚ ДМ ДІК жанындағы дін мәселелері жөніндегі республикалық АТТ мүшесі, КАZISLAM  ақпараттық-ағартушылық порталының редакторы Тұрар Абуов «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы» тақырыбында дәрістер оқыды.

Сондай-ақ,  ҚР ҰҚК академиясының оқытушысы, сарапшы-психолог, дін мәселелері жөніндегі республикалық АТТ мүшесі Лола Шакимова «Психологиялық тәсілдер және радикалды көзқарастағы адамдардың тәртібін түзету, деструктивті и радикалды культтер қоғамға қарсы: арбау және пайдалану», Қазақстан Республикасы Ақпарат және  қоғамдық даму министрлігінің «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» РММ бөлімінің басшысы, философия магистрі Ольга Гайко «Қазақстандағы протестантизм мен оның жаңа ағымдарының ерекшеліктері, мазмұны және таралу тарихы” тақырыптарында баяндама жасады.

Курс аясында АТТ мүшелерінің алған білімдері тестілеу арқылы сарапталынып, «Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығының директоры Индира Қилымбекқызы шешендік өнерінің негіздері: Жұрт алдында сөз сөйлеу машықтары, сөз сөйлеу техникасы: риторикалық байланыс» турасында дәріс өткізді.

Сонымен қатар, қатысушылар  аудитория алдында  күн тәртібіндегі мәселелер төңірегінде  ойларын қысқаша жеткізу арқылы шешендік өнерімен тәжірибе алмасады.

Оқу бағдарламасын толық меңгерген АТТ мүшелеріне аттестациялау жүргізіліп, соның нәтижесінде сертификаттар мен арнайы куәліктер табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.