Аймақта бюджеттік болжам толық орындалды

0

Үстіміздегі жылдың алғашқы жартысының қорытындысы бойынша Жамбыл облысындағы мемлекеттік бюджеттің жоспары 113,9 пайызды құрады. Осылайша, қазынаға 46 498,3 миллион теңге түскен. Бұл жыл басындағы алдын ала болжамнан 5 664,1 миллион теңгеге артық, – деп хабарлайды «Shanyraq.info» ақпарат агенттігі.

Республикалық бюджеттің орындалуы 102,9 пайызды құрады  немесе 397,3 миллион   теңгеге жоспардан артық түсіп отыр. Ал, жергілікті бюджет болжамының орындалуы 119,5 пайызды құрады  немесе 5 266,9 миллион теңгеге жоспардан артық түсті.

Оның ішінде, облыстық бюджет – 119,8 пайызды құрады  немесе 2 123,9 миллион теңгеге жоспардан артық түсті.  Өткен жылмен салыстырғанда түсімдердің өсу қарқыны 107,5 пайызды құрады немесе 893,2 миллион   теңгеге артты.

Аудандық бюджет – 119,3 пайызды құрады  немесе 3 142,9 миллион  теңгеге жоспардан артық түсті.  Өткен жылмен салыстырғанда түсімдердің өсу қарқыны 121,0 пайызды құрады немесе 3 365,6 миллион теңгеге артты.

Барлық мемлекеттік кірістер басқармалары бойынша бюджеттік болжам сомалары 100 пайызға орындалды.

Салық базасын ұлғайту мақсатында уәкілетті органдармен бірлесе отырып 2018-2020 жылдарға арналған жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту барысында  бюджетке қосымша 518,6 миллион теңге өндірілді.

Сонымен қатар ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің іс-шарасы бойынша 2019 жылдың 1 жартыжылдығына бекітілген жоспары 166,8 пайызға орындалды немесе 1,4 млрд. теңгеге артық түсті.

Оның ішінде, салықтық тексерістер бойынша 525,4 млн. теңге түсті, жоспардан тыс 165,4 млн. теңге, камеральдық бақылау бойынша 852,9 млн. теңге, жоспардан тыс 452,9 млн. теңге, салық  берешегі бойынша 237,7 млн. теңге түсті немесе 54,7 млн. теңге артық түскен.

2019 жылы 20 мамыр айында «Казахавтодор» ЖШС Сарыарқа ауданынан Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына келіп тіркелуі бюджет түсімдердің ұлғайуына әсер етті. 2018 жылы Сарыарқа ауданына 1 475,5 миллион   теңгеге түсім жасалған, оның ішінде жергілікті бюджетке- 37,7 миллион    теңге түскен.

Жамбыл облысына тіркелген күнен бастап «Казахавтодор» ЖШС бюджетке 545,7 мың теңгеге төлем төленді. Жыл соңына дейін күтілім сомасы 1 000,0 миллион теңгені құрайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.