Табысын жасырғандарды тіркеу жалғасуда

0

Жамбыл облысында кәсіппен айналысатын жеке тұлғаларды кәсіпкер ретінде тіркеу жұмыстары қарқынды жүруде. Аталған жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан бері облыстағы жеке кәсіпкерлер саны 68 999-дан 70 930-ға жеткен, – деп хабарлайды «Shanyraq.info» ақпарат агенттігі.

Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, аталған жұмыстар аясында пәтер жалға берген 169 жеке тұлға анықталып, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. Нәтижесінде, бюджетке – 1,8 миллион теңге өндірілген.

Сондай-ақ, тақырыптық тексерістердің нәтижесінде Тараз қаласының 5 тауарлық базарларында тіркеусіз қызмет атқарған 32 салық төлеуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, кассалық аппаратсыз ызмет атқарған 54 салық төлеуші анықталған.

– Сонымен қатар, патент бойынша жұмыс атқаратын 135 салық төлеушілер қызметін қайтадан бастады, 509 салық төлеушілер жеке кәсіпкер ретінде тіркелді.

Әділет департаментінен сомасы 42 679,4 миллион   теңгеден асқан 10 617 салық төлеушілер бойынша бюджетке 109,8 миллион   теңге өндірілді, оның ішінде «ақшалай» өндірілгені – 91,9 миллион   теңге.

Тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің саны 2 001-ді құрайды. Тараз қаласы бойынша бары — 908, оның ішінде, такси қызметімен айналысатыны – 476 салық төлеуші, жолаушыларды тасымалдаушы – 432 салық төлеуші. Құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, Тараз қаласының көлік жолдарына жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қосымша 316 жеке тұлға тіркеуге алынды.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылар Кодексінің 463 бабының 1-ші, яғни «Кәсіпкерлік қызметі бойынша рұқсат құжаттары жоқ»  бөлімі бойынша 39 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – дейді облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары.

Сонымен қатар, қоғамдық тамақтану саласындағы салығы 3,1 миллион   теңге болатын, кірісінің ұлғайуы 65,4 миллион   теңгені құрайтын 258 салық төлеушілерге талдау жұмыстары атқарылған.

Нәтижесінде, толық кіріс көзін көрсету сұрағы бойынша кірістің 361,1 миллион теңгеге ұлғайуына 47 хранометражды зерттеулер жүргізілген.

Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органдары бойынша 45 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Көрсетілген 45 қызметтің  түрінен 28-і толық автоматандырылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.