Жас кәсіпкерлерге арналған гранттар конкурсының нәтижесі белгілі болды

0

Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жас кәсіпкерлерге экономиканың басым секторларында және Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айқындалған өңдеуші өнеркәсіп салаларында және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін қайтарымсыз гранттарға конкурс жариялаған болатын. Күні кеше аталған байқаудың нәтижесі жарияланды, – деп хабарлайды «Shanyraq.info» ақпарат агенттігі.

Конкурсқа қатысу үшін барлығы 466, оның ішінде 21 мүмкіндігі шектеулі азаматтан өтінім түсіпті.

Атап айтқанда, Тараз қаласынан – 159 жоба, Байзақ ауданынан – 43 жоба,  Жамбыл ауданынан – 23 жоба, Жуалы ауданынан – 31 жоба, Қордай ауданынан – 16 жоба, Меркі ауданынан — 27 жоба, Мойынқұм ауданынан – 8 жоба, Сарысу ауданынан – 56 жоба, Т.Рысқұлов ауданынан – 26 жоба, Талас ауданынан – 46 жоба, Шу ауданынан – 31 жоба қаралған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі №234 қаулысымен бекітілген Қағида талаптарына сәйкес, грант алуға үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу арнайы құрылған Конкурстық комиссия тарапынан жүргізілген.

Конкурстық комиссияның 7 отырысы өтіп, олардың нәтижесі бойынша комиссия мүшелері әр жобаны жеке – жеке талдап, өздерінің шешімдерін хаттамаларға қол қою арқылы рәсімдеді.

Конкурстық комиссияның шешімі бойынша 158 жас кәсіпкер жалпы сомасы 324 млн. теңгеге грант иегерлері атанды.

  • Тараз қаласынан 109,2 млн. теңгеге 49 жоба мақұлданды, ашылатын жұмыс орындарының саны – 123.
  • Байзақ ауданынан 17,5 млн. теңгеге 9 жоба мақұлданды, ашылатын жұмыс орындарының саны – 27.
  • Жамбыл ауданынан 19,3 млн.теңгеге 12 жоба мақұлданды, ашылатын жұмыс орындарының саны – 32.
  • Жуалы ауданынан 32,5 млн.теңгеге 15 жоба мақұлданды, ашылатын жұмыс орындарының саны – 36.
  • Қордай ауданынан 12,5 млн.теңгеге 6 жоба мақұлданды, ашылатын жұмыс орындарының саны – 7.
  • Меркі ауданынан 19,0 млн.теңгеге 10 жоба мақұлданды, ашылатын жұмыс орындарының саны – 20.
  • Мойынқұм ауданынан 5,5 млн.теңгеге 3 жоба мақұлданды, ашылатын жұмыс орындарының саны – 4.
  • Сарысу ауданынан 35,5 млн.теңгеге 20 жоба мақұлданды, ашылатын жұмыс орындарының саны – 73.
  • Т.Рысқұлов ауданынан 22,8 млн.теңгеге 11 жоба мақұлданды, ашылатын жұмыс орындарының саны – 26.
  • Талас ауданынан 37,5 млн.теңгеге 16 жоба мақұлданды, ашылатын жұмыс орындарының саны – 35.
  • Шу ауданынан 12,7 млн.теңгеге 7 жоба мақұлданды, ашылатын жұмыс орындарының саны – 17.

Leave A Reply

Your email address will not be published.