Жамбылдық архив қызметкерлері сала келешегін талқылады

0

Жамбыл облысының мемлекеттік архивінде облысымыздың мемлекеттік архив мекемелері басшыларының басын қосқан жиын өтті. Жиналыста облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Сара Мадиева және басқарманың архив бөлімінің мамандары облысымыздағы архив ісінің даму көрсеткіштерінің жарты жылдық есептерін қорытындылап, анықталған кемшіліктердің себептерін, оларды жою шараларын талқылады, – деп хабарлайды «Shanyraq.info» ақпарат агенттігі.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе – архив құжаттарының электронды-сандық түрге сапалы көшірілуі. Бұл тақырыпта облыстық архивтің бөлім басшысы Р.Суюнов 12 архивтің цифрландыру жұмыстарына талдау жасап, берілген тапсырмалардың орындалу деңгейін саралады. Сондай-ақ архивтердің материалдық-техникалық базасын нығайту туралы ұсыныстарын жеткізді.

Архив басшылары 2019 жылдың жарты жылдығында атқарған жұмыстары туралы баяндады. Архив бөлімінің мамандары А.Кисикова, А.Құрамысова, М.Жаңабаева тиісінше өңірдегі архив ісін дамыту жұмыстарына мониторинг жасап, әр архив жұмысы жеке-жеке талданды.

Жиын соңында мамандар өзара атқарылған жұмыстары бойынша тәжірибе алмасып, Шу ауданының архив директоры Е.Расилов архивтегі тақырыптық шолу жазу, дайындалған жөнсілтер жұмысы турасында, Талас аудандық архивінің қор сақтаушысы Н.Сапарова қор құжаттарына өңдеу, жетілдіру жұмыстарун жүргізу туралы және облыстық архивтің бөлім басшысы Н.Қожамарова жалпы архив құжаттарына ғылыми-анықтамалық аппарат құру жайында баяндамалар жасады.

Сондай-ақ, С.Мадиева облыстағы архивтің толықтыру көзі тізіміне енген мекемелердегі құжаттаманың жүргізілуін, сақтау жайына мониторинг туралы тапсырмасының орындалу деңгейі хақында тыңдады. Архив мамандары тексерісбарысында атқарған жұмыстарымен, туындаған кедергілерін айтты. Мәселен, тексерісті жылдам жүргізуге бірінші кезекте барлық аудандарда кездесетін мәселе – мекемелердегі архивке жауапты маманның бекітілмеуі, көп мамандардың жазғы уақытта еңбек демалысында болуына байланысты құжаттарға қол жеткізу мүмкіндігінің болмауы, сондай-ақ мекеменің архивін жүргізуді қосымша жүктеме ретінде берген мамандардың жиі ауысуы кедергі. Архив тарапынан берілетін әдістемелік көкмектер әдетте мекемелердегі жиі ауысатын мамандар салдарынан кей мекемелерде бір арнаға түспей тұрғаны да қынжылтатынын жеткізді. Айтылған уәждерді тыңдай келе, Сара Қабылбекқызы мекемеге көрсетілген әр әдістемелік көмек пен тексерістен кейін қорытындысын хат түрінде жолдап, келесі де ескертілген кемшіліктер жойылмаған жағдайда, әкімдікке шара қолдану туралы қызметтік хат жазу қажеттігін айтты. Архив ісі бойынша өңірдегі алдағы жұмыстар жоспар бойынша уақытымен, сапалы орындалуы керектігі туралы қорытынды шығарды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.