Жолдау – өрлеу өзегі

0
— Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнайтын жыл сайынғы Жолдауы көптеген жаңалықпен, ерекше тапсырыстармен елді елең еткізетіні анық. Сол секілді «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі табыс пен тұрмыс сапасын арттыру » атты Жолдауын да көпшілік тапжылмай отырып көрді. Біз де ондағы айтылған міндеттер мен мақсаттардың орындалу жолын өзара талқыладық.
Бұл Жолдау барлық салалардың жұмысын жандандыру мен серпілтуге қатысты болғанымен әр салаға бөлек-бөлек тоқталып, ондағы кезек күттірмейтін мәселелерді шешудің жолдарын көрсетіп берді. Сондықтан да болар қазіргідей жаһандық талаптар мен шарттар ұлғайған кезеңде өзінің білім-білігін халықтың дамуына, әл-ауқатының  артуына түбегейлі  беретін, сол жолда туралықтан таймай, адал әрі әділ қызмет ететін мемлекеттік қызметші керек екендігі белгілі. Осыған орай Елбасы: «Кез келген реформаларды іске асыру барысында өзінің барлық іс-қимылын халықтың әл-ауқатын арттыруға  арнайтын жинақы әрі тиімді мемлекеттік аппарат маңызды рөл атқаратын болады» – деп мемлекеттік аппарат жасақтаудың тиімділігін ұғындырды.
Елбасы Жолдауының аты айтып тұрғандай халықтың әл-ауқатының  артуына негізделіп, «Сапа» жаңа формациясы жұмыс істейтінін, мемлекеттік бюджет қаржысын тиімді пайдаланып, халықтың игілігіне жұмсау керектігін, сыбайлас жемқорлықпен күрес шаралары күшейтіліп, мемлекеттік қызмет толықтай электронды форматқа көшірілетіні, Үкімет мен барлық мемлекеттік органдардың жұмысындағы формализм мен бюрократтықты түп-тамырымен жою қажеттігі айтылып, Президент Әкімшілігінде Ұлттық жаңғыру офисін құру тапсырылды. Бұл тұрғындар арасында өзекті мәселелер жөнінде тұрақты түрде сауалнама жүргізіп, халықтың ойын білуді қамтамасыз етеді. Нәтижелерді тікелей Мемлекет басшысына хабарлап отыруы тиіс офис жұмысының тиімділігі оң нәтиже береді деп сенемін.

А. Абдыбаева,

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті 

ЖД-158/2 мекемесі кадр жұмысы бөлімінің бастығы,

әділет капитаны

Leave A Reply

Your email address will not be published.