Биыл облыс судьяларының жүктемесі өскен

0

Үстіміздегі жылдың алғашқы жартысында Жамбыл облысының соттарында 1 115 қылмыстық істер қаралып, аяқталған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 120 іске артық, – деп хабарлайды «Shanyraq.info» ақпарат агенттігі.

Нәтижесінде, қылмыстық істерді қарайтын судьялардың жүктемесі 4,4-тен 5,3-ке дейін өскен. Сондай-ақ 866 іс қаралып, үкім шығарылған.

Түрлі негіздер бойынша 162 іс қысқартылып, 76 қылмыстық іс прокурорға қайтарылған. Медиаторларды тарта отырып, сотқа дейінгі өндіріс сатысында 113 қылмыстық іс тоқтатылған.

Облыс соттары есепті кезеңде 17 адамды ақтады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шамамен дәл жартысына азайған, өткен жылы 33 адам ақталған болатын. 15 жеке айыптау ісі және 2 көпшілік алдындағы айыптау ісі бойынша ақтау үкімдері шығарылды. 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында 33 ақтау үкімінің 32-і жеке айыптау істері бойынша және 1-і аса ауыр қылмыс туралы іс бойынша болған.

Сот сатыларымен есепті кезеңде апелляциялық тәртіппен 3 адамға қатысты үкімдердің күші жойылды. Үкімдердің күшін жою пайызы 0,3 пайызды құрады.

Есепті кезеңде 93 тұлғаға қатысты кассациялық және апелляциялық тәртіппен үкімдер өзгертілді және жалпы облыс бойынша өзгеру пайызы 8,1 пайызды құрады.

Апелляциялық тәртіппен 49 адамға қатысты үкімдер өзгертілді. Кассациялық тәртіппен 44 адамға қатысты үкімдер өзгертілді және өзгеру пайызы 3,8 пайызды құрады.

Бұл ретте, есірткі құралдарының контрабандасына байланысты істер бойынша істерді қарау тәжірибесінің өзгертілуіне байланысты 44 адамға қатысты кассациялық тәртіппен өзгертілген үкімдердің 37 адамға қатыстысы, ҚК-нің 286-бабы бойынша қылмыстың аяқталған құрамынан кінәлілердің әрекеттері ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі 286-бабы бойынша аяқталмаған құрамға қайта сараланғанын, бұл ҚК-нің 56-бабының 3-бөлігі талаптарын қолдану қажеттігіне байланысты жазаны жеңілдетуге әкеп соқтырғанын атап өткен жөн.

16 адамға қатысты қылмыстық істердің осы санаты (есірткі құралдарының контрабандасы) бойынша үкімдер Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы қолдаған облыстық сот төрағасының ұсынысы бойынша өзгертілді.

Апелляциялық тәртіпте 3 адамға қатысты үкімдердің күшін жоюға және 49 адамға қатысты үкімдердің өзгеруіне жол берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.