Облыста жұмыссыз ретінде есепте тұрған 2 604 жас тұрақты жұмысқа орналасты

0

Облысымызда NEET санатындағы жастардың үлесі қысқарып келеді. Атап айтқанда, 2019 жылдың І тоқсанында бұл көрсеткіш 7,8 пайызды құрап отыр, – деп хабарлайды «Shanyraq.info» ақпарат агенттігі.

Үстіміздегі жылдың 1 шілдесіндегі мәлімет бойынша, жұмыссыз ретінде есепте тұрған 4 214 жұмыссыз жастың 2 604-і немесе 61,8 пайызы тұрақты жұмысқа орналастырылған.

Бұл нәтижеге тұрақты түрде ұйымдастырылып келе жатқан бос орындар жәрмеңкелерінің септігі мол болуда. Мысалы, биыл облыс бойынша 1 өңіраралық, Тараз қаласы мен аудандарда 27 бос жұмыс орындары жәрмесі өткізілген. Оларға 16-29 жас аралығындағы 629 жас қатысқан.

Жәрмеңкелер нәтижесінде 110 жас тұрақты жұмысқа орналасып , ақылы қоғамдық жұмыстарға 25 жас, әлеуметтік жұмыс орындарына — 1, жастар практикасына- 74 жас жіберілді.

Жастарды маусымдық еңбекпен қамтуға да баса назар аударылуда. Атап айтқанда, биыл 1 мыңнан астам жасты «Жасыл ел» еңбек жасағы қатарында маусымдық еңбекпен қамтуға 73 млн. теңге  қаржы бөлінген. Мамыр-шілде айларында Тараз қаласында 150 NEET жас және 250 студент канал тазарту жұмыстарымен айналысты. 252 студент 5-ші маусымнан 5-ші шілдеге дейін құрылыс жасақтарында еңбек етті.

Жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту, қолдау көрсетуге бағытталған шаралар жүйелі атқаруда. Аталған мақсатта жастар саясаты мәселелері басқармасы кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып жұмыстар жүргізуде. Мысалы, 24 шілдеде «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арқылы «Жас кәсіпкер» жобасы аясында тұрақты жұмыс орны жоқ жастар үшін қысқа мерзімді 1 айлық курс басталды. Оған 450 жас қатысуда. Курсты бітіріп, өз ісін ашам деген жастарға жеңілдетілген кредит немесе мемлекеттік грант алуға «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы тарапынан мүмкіндіктер жасалған.

Ал, «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 3 млн. теңгеге дейінгі мемлекеттік грант беруге облыстық бюджеттен 303 млн. теңге, республикалық бюджеттен 21 млн. теңге, жалпы 324 млн. теңге қаржы бөлінді. Аталған грант бойынша 1-12 шілде аралығында конкурс өткізіліп, Тараз қаласы мен аудандардан қайтарымсыз грантқа үміткер 466 жастың құжаты қаралып, шешім шығарылатын болады.

Тараз қаласы мен аудандардың сұранысына сәйкес, республикалық бюджеттен «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жастардың жаңа бизнес-идеяларын дамытуға 200 АЕК мөлшерінде 329 жасқа қайтарымсыз грант ретінде 166,1 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі күнге дейін 88 жас 44,4 млн. теңге грант алды.

Облыс бойынша жастар ұйымдарының әлеуметтік маңызы бар жобаларына мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 63 631 800 теңге бөлінген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.