Қоғамдық кеңес пен Қазақстан халқы ассамблеясы арасында меморандум жасалды

0

Меркі ауданында облыстық қоғамдық кеңес пен облыстық ҚХА қоғамдық келісім кеңесінің арасында меморандумға қол қою рәсімі өтті, – деп хабарлайды «Shanyraq.info» ақпарат агенттігі.

Қазақстан халқы ассамблеясы ХХVІІ сессиясының өңірлерге қатысты қорытындысы бойынша Елбасының тапсырмаларын іске асыруда Облыстық қоғамдық кеңес пен облыстық ҚХА қоғамдық келісім кеңесінің арасында өзара ынтымақтастық меморандумына қол қою рәсімі өтті. Аталған рәсім Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесі, Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен Облыстық қоғамдық келісім кеңесінің көшпелі отырысында орын алды.
Іс-шараға Меркі, Талас ауданы әкімдерінің орынбасарлары, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімдері, аудандық «Жастар ресурстық орталықтары», облыстық қоғамдық кеңес, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының және Талас, Т.Рысқұлов, Шу, Қордай аударының қоғамдық келісім кеңестері, «Сыпатай батыр» ЖШС басшылығы, облыстық, аудандық БАҚ өкілдері қатысты.
Мәжілістің модераторы – Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясының Жамбыл облысындағы филиалы төрағасының орынбасары Тілеумұрат Шәбден Тоқтасынұлы күн тәртібіндегі мәселелер бойынша облыс аудандарында және оның ішінде Меркі ауданында қоғамдық келісім кеңестерінің мемлекеттік саясатты түсіндіру тұрғысында атқарылып жатқан жұмыстары жайлы сөз етті. Сонымен қоса, республикамызда құнды саналып отырған конфессияаралық келісімнің тәжірибелері барысында да Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі діннің игілікті рөлдері, сонымен бірге, ұлтаралық, дінаралық келісімді нығайту жолында өзге этностардың да хал-қадірінше үлестерін қосып отырғандары сөз болды.

Сондай-ақ, облыстық қоғамдық келісім кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Мәжілісте Меркі ауданында аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің Қазақстан халқы ассамблеясының кезекті сессиясында берілген жергілікті бюджеттердің тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету және агроөнеркәсіптік секторда прогрестік технологияларды ілгерілету сияқты тапсырмалардың орындалуы төңірегінде біршама мәселелер талқыланды.

Соның ішінде Меркі ауданы жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстары, Талас, Т.Рысқұлов, Шу, Қордай аудандарында қоғамдық келісім кеңесі төрағаларының 2018 жылы және 2019 жылдың осы мерзіміне дейін атқарған жұмыстары жайлы баяндамалар жасалды.

Талас ауданы қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Байұзақ Көлбайұлы және Меркі ауданындағы «Сыпатай батыр» ЖШС қызылша егу шаруа қожалығының басшысы Қанат Шайхиевтер агроөнеркәсіптік секторда прогрессивтік технологиясын енгізудегі жұмыстарынан хабардар етіп, қоғамдық келісім кеңесі және «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшелерімен экскурсия ұйымдастырып, қант қызылшасы жайлаған егістікті алқапты тамшылатып және жаңбырлатып суғару технологиясымен таныстырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.