«Қайырымдылық керуеніне» халықтың алғысы шексіз

0

Ағымдағы жылдың маусым айында «Қайырымдылық керуені» Шу ауданына бет алған болатын. Керуен жыл сайын алты ауданды аралап қайырымдылық шараларын ұйымдастырады.

«Қайырымдылық керуені» бұл жолы Шу ауданы, Төле би ауылы, Төле би орта мектедіне тоқтады. Игілігі мол шараға Ассамблея мүшелері мен этномәдени бірлестіктер өкілдері, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, Шу ауданына қарасты ауылдардың тұрғындары, ауданның ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері, медиаторлар, Аналар, Ақсақалдар кеңестерінің жетекшілері мен өкілдері қатысты.
Шара барысында қоғамдық келісім, Аналар, Ақсақалдар кеңестерінің, медиаторлардың, қолөнершілердің, ғылыми-сараптамалық топтың және «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының аймақтық кеңейтілген отырыстары өтті. Онда аудан жастары мен ауыл тұрғындары арасындағы туындаған мәселелер, ғылыми жұмыстарға қатысты, отбасылық жағдайлар сынды түрлі мәселелер көтерілді. Өзара пікірлер алмасып, мамандар тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қатар, қоғамдық келісім кеңесі отырысы барысында көтерілген тағы бір мәселе сессияда берілген тапсырмалар турасында болды. Яғни, Шу аудандық Қоғамдық келісім кеңесі төрағасының Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХVIІ сессиясында берілген жергілікті бюджеттердің тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету және агроөнеркәсіптік секторда прогрестік технологияларды ілгерілету жөніндегі тапсырмаларының орындалуы туралы сөз болды. Күн тәртібіндегі осы мәселеге орай кеңес мүшелері Шу ауданы Төле би ауылы маңындағы Данияр ақсақалдың алма бағына барып жеке шаруашылықтың жай-күйін көздерімен көріп қайтты.
-2009 жылы 1 5соттық жерге егілген алма талдар бүгінде мол жеміс беруде. Егіннің бейнеті өте көп. Оған мол күтім керек. Арам шөптерін тазалап, ағаш түптерін әктеп, суару, тыңайтқыштар себу деген секілді жұмыстары аз емес. Бірақ, «еңбек етсең емерсің дегендей», не ексек соны орып жатырмыз –деді Данияр бағбан алма алқабын таныстыра жүріп.
Шу ауданына бағытталған керуеннің соңы Төле би ауылының әлеуметтік жағдайы аз қамтылған, көпбалалы, еңбекке жарамсыз деп танылған балалары бар отбасыларға азық-түлік таратумен тәмамдалды.

Ал осы аптада «Қайырымдылық керуені» Қордай ауданы, Қайнар ауылына ат басын тіреді. Бұл биылғы жылғы керуеннің соңғы тоқтаған аялдамасы болды.
Мұнда да керуен мүшелері тұрғындармен жүздесіп, түрлі тақырыптарға жиындар өткізді. Сондай-ақ Қордай ауданы, Қайнар ауылындағы «Самғау» шаруа қожалығының жұмысымен танысуға барды. Мұндағы егін алқабында пияз, жүгері астықтары өсіріледі. Шаруа қожалығы тыңайтқыштар себетін, егін тазалайтын арнайы техникалармен жабыдықталған.
Қордай ауданына бағытталған керуеннің соңы Қайнар ауылының әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасыларына материалдық көмек көрсетті.
Осылайша қайырымдылық жасауды қағидаға айналдырған облыстық Ассамблея мен «Қоғамдық келісім» КММ «Қайырымдылық керуенінің» жұмысын аяқтады. Бір айға жуық уақытта Ассамблея мүшелері игі іс жасап ғана қоймай, бұқарамен берік байланыс орнатып, көпшіліктің алғысына бөленді.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.