Е. Жантаев: «Біздің басты мақсатымыз – жануарлар дүниесін сақтау және өсімін молайту»

0

Соңғы жылдары аңшылық шаруашылықтар көбейді. Өкінішке орай аңшылық шаруашылықтарды дұрыс пайдаланып жатырмыз ба? Сол аңшылық шаруашылықтарды тендрмен алу кезінде бизнес жоспарында көп нарсе жазылады. Бірақ көпшілігі орындалмайды, тек бірнеше есе бағамен жеке аңшыға жолдама сатумен шектеледі. Жолдама сату үшін аңшылық шаруашылықтарда қанша аң-құс бар екенін білу үшін есеп санақ жұмысы жүргізіледі. Есеп санақты көрсетілген аң-құстың  15 пайызына ғана жолдама сатылу керек. Аңшылық шаруашылықтарға құзырлы мекемелерден қарама-қарсы есеп санақ жүргізіліп аңшылық шаруашылықтардың берген есебі дәлелдену керек. Көбінесе аңшылық шаруашылықтардың берген есебіне сенеміз. Облыста қандай аңшылық шаруашылықтар аң-құстың тұқымын көбейту үшін, шет елден немесе басқа облыстардан аң-құстың төлін немесе басқа тұқымдарын әкеліп жібергені туралы ақпарат бар ма?

Алдымен маусымдық жолдама жайында…

Маусымдық жолдаманы тамыз айының аяғында алып алғандар желтоқсан айының аяғына дейін аңшылық жасайды.

Маусымдық жолдама деген жұмыстан немесе қай уақытта жағдайы келіп аңшылыққа баратын жолдама ол бір күнге ғана беріледі. Міндетті түрде қорықшылардың жолдамада кіріп шығу белгісі болу керек. Облыста 45 аңшылық шаруашылық және  86 су айдындары жеке кәсіпкерлерге бекіліп берілген. Бұл жағдайда жануарлар дүниесі де адам өмірі сияқты  дұрыс жұмыстар  атқарылып қадағалауды қажет етеді. Осындай бей берекет аңшылық жасаудың әсерінен  облыс аумағында аң-құстың тұқымы азайып кетті.

Бір ғана мысал…

2001-2015 жылдар аралығы – аң мен құстың жойлуымен ерекше есте қалды. Олай дейтініміз дәл осы жылдары 298 мың 400 гектар жері бар бір ғана «Үмбет» аңшылық шаруашылығы ашылып, аң-құсты олжалауға оңды-солды жолдамалар сатылды. Құзырлы органдардың дұрыс қадағаламауының әсерінен жануарлар дүниесінің жойылып кету қауіпі төнді.

Алайда, 2015 жылы ерекше қорғалатын табиғи аумақ ашылғалы бері ескі мекен Үмбетке аң-құс қайта пайда бола бастады. Тек, 2018 жылдың соңғы айларында ЕҚТА-та  заң бұзушылық фактілері анықталып отыр. Бас аяғы 13 заң бұзушылық тіркеліп, ұсталғандардың қарулары соттың шешімімен үкімет пайдасына кетті. Келтірген залалы мен айыппұл толығымен өтелініп алынды. Бұның басы қасында жүрген табиғатты қорғау кеңесі мен Мамандандырылған жануарлар дүниесін қорғау жедел қызметі мамандары болған еді.

 Аталмыш мекеме ағымдағы жылы таратылып, 3 маусымда облыс әкімі А.И.Мырзахметовтың №144 өкімімен облыс көлемінде табиғатқа қасақылық жасаушылармен күресу, қору күзету жұмыстарын атқаратын «Сапсан» жедел тобы болып құрылды.

Облыс әкімінің тікелей қадағалауында болатын топтың құрамында 9 мүшесі қызмет ететін болады. Бүгінде топ өкілдері облыстық  табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұржан Нұржігітовтің қолдауымен  2 жаңа УАЗ автокөлігімен және форма, жетон секілді тағы басқа керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп отыр. Құрылғанына бір күн өтпей жатып, жедел топ өкілдері заң бұзушылық туралы хабар алып, еш қымсымбастан жұмыстарына кірісіп те кетті. Ұстау шараларына жедел топ өкілдерінің 5 мүшесі қатысып, заң бұзушыны қолға түсірді. Айтып ауыз жимаған «Көкшұраттан» келген хабарда  «Үмбет» ЕҚТА-тан 1 доңыз,1 борсықты атып  олжалаған Медербек Арыстанбаев есімді азамат екені анықталған. Бірлескен іс-сапар рейдке қатысқан «Үмбет» ЕҚТА-ның қорықшысы Көкшұрат бөлімшесінде тұратын Мадияров Сәндібек  М.Арыстанбаевты  өзіне бекітіліп берілген УАЗ автокөлігімен қуып жүріп ұстап, біз барғанша қаруын, атын, иттерін жібермей ұстап отырған. Тез арада жеткен қорықшы және  жедел топ сапсанның мүшесі Қазбеков М. жедел топ сапсанның төрағасы Жантаев Е., Мүшелері Абай К., Қожатаев Р., Ботабек Б., Ақыртөбе ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау КММ-нің ормандарды қорғау инженері Сералиев Н., ЕҚТА «Үмбеттің» аға қорықшысы Мәшенов М., Т.Рысқұлов  аудандық полиция бөлімшесінің табиғатты қорғау полиция майоры Ермұратов М., Қаруды заңдастыру бөлімінің инспекторы полиция майоры Тұрарбек Н. қатысты. Осы   азаматтардың жедел қимылдауының арқасында табиғатқа қасақылық жасаушы М.Арыстанбаев құрықталып, өзінің істеген іс әрекетін мойындады. Тергеу барысында Ресей Федерациясының азаматтығын алған азамат (09.07.1976  жылы туылған.) Қосұңғылы аңшы мылтығымен және  екі тазы иті, 1 лайка итімен 1 бас екі жасар жабайы доңызды және 1 бас жабайы борсық аңын «Бас шенгел» аумағынан атпен жүріп атып алған. Азамат Арыстанбаевтың айтуы бойынша  доңызды иттері ұстаған кезде мылтықпен екі рет атып өлтірген, ал борсықты иттерім ұстады деді.

Арыстанбаев Медербек Мерке ауданындағы Талдыбұлақ шаруа қожалығында 3 жылдан бері сиыршы болып жұмыс атқарады екен. Тексеру кезінде астындағы күрең айғырды және қосұңғылы аңшы мылтығын шаруа қожалық басшысы Аңсар Несіпбаевтыңкі деді. Әңгімешіл Медербек қызды-қыздымен әңгіме арасында тазылар мен лайкасын мақтап кейде бірнеше доңыз торайларымен борсықты ұстайтынын айтып салды.

Ресей азаматы Арыстанбаев Медербек  3 жыл шаруа қожалықта жұмыс жасай жүріп,  аңды аямай қыруды ермегіне айналдырған. Осы 1 доңыз бен 1 борсыққа 700 мыңнан аса айыппұл мен келтірілген залалын төлейді. Қазір таңда осы іске байланысты Т.Рысқұлов аудандық полиция учаскесінде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сот шешімін күтеміз.

Жалпы, «Үмбетте» ЕҚТА-да күрделенген мәселе бұл ғана емес.  Олай дейтініміз табиғи аумақта малмен айналысатын көптеген шаруа қожалықтары болғандықтан, қолға ұстаған итіңізден де қауіпті аурулар түрін жұқтыруы мүмкін.

ЕҚТА-ның ережесіне сәйкес малшыларға итті шектеу және аң-құс төлдеп жатқан наурыз-қыркүйек айларында иттерді байлап ұстау, малшы иттеріне мал дәрігерлік жеке құжаттар ашып, мерзімді уақыттарда емдеп тұру керекті.

Өйткені, емделмеген иттің қиындағы құрт 200 күн бойы  ыстықпен  суықта өлмейді. Тіпті, керек десеңіз шөптен-шөпке сол арқылы малға жабысып, ішіне енген жағдайда «Эхинококк» және «Ценуроз» секілді әр түрлі ауруларға ұшырау қаупі жоғары. Бұл жөнінде ақпарат құралдарында талай рет айтылып та, жазылып та  келе жатыр.

Және бір көтеретін мәселе ерекше қорғалатын табиғи аумақ «Үмбетте» аң-құс паналайтын орындар көлшіктер жағасындағы қамыстар. Осы қамыстарды шаруа қожалықтары шауып алып малына береді, артылғанын сатады. Өте дұрыс, дегенмен мемлекеттік құжатпен бекітіліп берілген, шабындық жерлердің шөбін шауып алсын. ЕҚТА –тың әр бір көлшіктеріндегі шөбі мен қамысын көлге дейін 50 метр орын қалдыру керек. Ол орындар аң-құстың паналайтын, жыртқыштардан қашып құтылатын орындары. Осы жағдайларды қатты қолға алып, ЕҚТА-ның қорықшылары қадағалау керек.

Ерназарбек Жантаев,

облыстық табиғат қорғау кеңесінің және

«Сапсан» жедел тобының төрағасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.