Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы бекітілді

0

Нұрадин Рақаев Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі болып бекітілді

Жамбыл облысы әкімінің жаңа баспасөз қызметінің жетекшісі – баспасөз хатшысы қабылданды. Бұл қызметті бұдан былай Нұрадин Аллабергенұлы Рақаев атқаратын болады.
Нұрадин Аллабергенұлы 1987 жылы туған, білімі жоғары. 2004-2008 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Журналистика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2006 жылы облыстық саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығындағы баспасөз хатшысы болып бастаған. Одан кейінгі әр жылдары «Қазақстан-Тараз» телеарнасында редактор, шеф-редактор, республикалық «Асыл арна» телеарнасының Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі, «77» телеарнасының бас редакторы қызметтерін атқарып, тәжірибе жинады.
2011 жылдан бастап бүгінге дейін республикалық «31» телеарнасының Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі қызметін атқарып келді. БАҚ саласында елеулі еңбек еткен тәжірибелі әріптесімізге жаңа қызметте де зор табыс тілейміз. Жергілікті билік пен бұқараның, БАҚ арасындағы байланысқа, қарым-қатынасқа тың серпін береді деп сенеміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.