«Мейірімділікпен бірлікке!»

0

Қазақстан халқы Ассамблеясында 2019 жылға Ұлы Даланың қайырымдылық қағидаттарына негізделген «Мейірімділікпен бірлікке!» атты ұранымен қайырымдылықтың күнтізбелік жоспары жасалынды.

Жамбыл облысында 2019 жылдың 5-8 қаңтар аралығында «Сарқыт» қайырымдылық акциясы бастау алды.
Облыстық этномәдени бірлестіктердің балалары үшін Тараз қаласындағы мектептен тыс жұмыс орталығында Аяз ата мен Ақшақар және әр түрлі ертегілер кейіпкерлерінің қатысуымен жаңа жылдық сыйлықтар мен мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы көп балалы және әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 210 балаға арналған қайырымдылық шырша өткізіп, поляк, күрді, еврей, әзірбайжан, этномәдени бірлестіктер Рождество мерекесі қарсаңында «Өмірлері қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының» тәрбиеленушілеріне жаңа жылдық сыйлықтар мен тәттілер табыс етті.
Облыстық этномәдени бірлестіктердің басшылары мен өкілдері, ҚХА Аналар кеңесі және «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жастары балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы мектептің тәрбиеленушілеріне жаңа жылдық сыйлықтар беріп, жасөспірімдердің концерттік бағдарламасын тамашалады. Аталған іс-шараларға 500-ге жуық бала қамтылып, 3 млн 500 мың теңге қаражат жұмсалды.
Шу ауданында «Үміт үйі» қоғамдық бірлестігі мен аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері 5-6 қаңтар күндері «Үйден-үйге» атты қайырымдылық акциясын өткізіп, акция барысында жағдайы төмен 62 отбасына 930 мың теңгеге көмек көрсетті және «Zhas Projeсt» жастар корпусын дамыту жобасы аясында, мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған 62 отбасы мен жалғыз басты аналарға және мүмкінді шектеулі азаматтарға 1 376 400 теңгеге қайырымдылық жасады. Мойынқұм, Жуалы, Т.Рысқұлов, Меркі, Сарысу, Жамбыл, Байзақ және Қордай аудандарының барлық ауылдық округтерінде іс-шаралар өткізіліп, аз қамтылған және көп балалы 2015 отбасына 6 064 900 теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді.
Коновалов клиникасының офтольмологтары Қодай ауданы, Сортөбе, Масаншы, Бұлар Батыр, Аухатты және Қаракемер ауылдарының тұрғындарына Сортөбе ауылдық округінің әкімі И.Буларов және әділет аға кеңесшісі, Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының құрметті қызметкері Г.Машанлоның көмегімен тұрғындарды тексеруден өткізу бойынша қайырымдылық акция ұйымдастырды. Акция аясында 750 адамға тексеру жүргізіліп, 5 250 000 теңгеге көмек көрсетілді.
Жалпы облыс бойынша «Сарқыт» қайырымдылық акциясы аясында 3389 адамға 17 121 300 мың теңгеге көмек көрсетілді.
Облыс бойынша БАҚ 13 мақала жарияланып, әлеуметтік желілерде — 3, республикалық және облыстық сайттарда 3 материал орналастырылды.
2019 жылдың ақпан айында «Сыбаға» қайырымдылық акциясы өңірдің барлық аймағын кеңінен қамтыды. Қайырымдылық шарасы қамқорлықсыз қалған үлкен кісілерді, қарттар үйін, өмірлік қиын жағдайға душар болған жандарды қолдау орталықтарын және науқас адамдар, төтенше жағдайға ұшыраған облыс тұрғындарын қамтыды. Шу ауданында жалғызілікті қарттардың үй – шаруасындағы жұмыстарына көмек көрсетіліп, жағдайы төмен, аз қамтылған отбасыларына, ауған соғысы ардагерлерінің жесірлеріне азық – түлік себеттері таратылды. Акцияға аудан жастары, ерікті жастар тартылды. Қатысқандар саны: 40 адам, 38 отбасы, 3 отбасыға үй шаруасымен көмек берілді, жалпы жұмсалған қаражат суммасы 175000 теңге.
Қайырымдылық акциясы аясында 2019 жылдың 21 ақпаны күні қайырымды жандардың қолдауымен Шу қаласы, Сәтпаев көшесі, Достық сауда үйінің 2 қабаты, №34 бутигінде «Аялы алақан!» атты әлеуметтік дүкен ашылды. Дүкеннің мақсаты аз қамтылған, жағдай төмен, көп балалы отбасыларға көмек көрсету.
Жамбыл ауданыңдаҚаракемер ауылдық округінің жалғызілікті қарттарына және ата анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға аудан әкімдігі 200000 тенгені құрайтын әлеуметтік пакеттер (қысқы киімдер, аяқ киімдер және азық-түлік) таратты. Қарасу ауылдық округінде Қоғамдық келісім кеңесі мүшелері және ауыл жастары 8 отбасына үйме-үй барып әлеуметтік пакеттер (ұн, қант, шиті май және т.б) таратты.Өткізілген қайырымдылық іс-шаралары Жамбыл аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінде және Facebook әлеуметтік желісінің «Акимат Жамбылского района» парақшасында жарияланды.
«Сыбаға» қайырымдылық акциясы аясында 2019 жылдың 15-25 ақпаны аралығында Меркі ауданы бойынша 2 қайырымдылық акциясы өткізілді. Олар: «Жылы жүрек жомарт қол» және «Мейірімді жүрек» атты тақырыбы бойынша жағдайы төмен отбасынан шыққан 30 оқушыға, демеушілер есебінен 600,0 тг қаражат жиналып, мектеп құрал жабдықтары мен сырт киім және аяқ киіммен қамтамасыз етілді.
ҚХА « Шиват-Цион» еврей орталығы қарт кісіге 280 мыңға тұрмыстық техника сатып алып берді, өмірлік қиын жағдайда қалған балаларды қолдау орталығы мен қарттар үйіне 200 мың теңгеге көмек көрсетті. Еврей мәдени орталығы 42 карт кісінің зейнетақысына Казкоммерцбанк арқылы ай сайын қосымша 7000 (мың) теңгеден аударып отыр. Облыстық ҚХА-ның қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің өкілі, жергілікті меценат Тараз қаласының тұрғыны, көп балалы жалғызбасты ана Мырзахметова Гүлмира Асылқызына 2 бөлмелі баспана тарту етті.
Халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған тобына, көпбалалы отбасыларына арналған «Сыбаға» қайырымдылық акциясы облыс орталығында, 10 аудан орталықтары мен 130 ауылдық округте жүргізіліп, 38 млн 800 мың теңге көлемінде 11760 адамға қайырымдылық жасалды.
Наурыз айында басталған көктемгі «Шашу» қайырымдылық акциясы ерекше мәнге ие болып отыр. «Шашу» қайырымдылық акциялары Алғыс айту күні, Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мерекелері аясында ұйымдастырылды.
1 наурызда Тараз қаласындағы «Санабар» мейрамханасында, Абай атындағы орталық кітапханада, №6, №7,41 орта мектептерде «Қазағыма мың алғыс!» атты мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Оған жалғызілікті қарттар, мүмкіндігі шектеулі жандар, көп балалы аналар қатысты. Мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, шақырылған қонақтарға арналған мерекелік дастархан жайылып, азық-түлік пакеттері таратылды.
Мерекелік іс-шараны өткізуге «Санабар» мейрамханасы, жеке кәсіпкерлер «Стамкулов», «Сұлтанбеков», «Карпаты», «Ширинкомшарг» ЖШС-і, «Санта Круз» кондитері, «Жасұлан Флора» ЖШС демеушілік көмектер көрсетті. Сондай-ақ, осы азаматтардың көмегімен өздігінен жүре алмайтын зейнеткерлерге азық-түлік пакеттері (тәтті тағамдар) таратылды (135 адам қамтылды, олардың 120-жалғызілікті зейнеткер мен мүгедектер, 15 көп балалы аналар). Сондай-ақ, «Шашу» қайырымдылық акциясы аясында қалалық мәдениет үйінде «Алғыс айту парызым» атты концерттік бағдарлама өткізілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты емдеу, алдын-алу ұйымдарында «Ашық есік» күні аясында тұрғындарға тегін медициналық кеңестер беру ұйымдастырылды. Оған 1300 қала тұрғындары қатысты.
ҰОС ардагерлерінің үйлерінде «Алғысымыз бар қарттарға» атты жастардың ҰОС ардагерлеріне, жесірлеріне, жалғызбасты қарттарға үй-тұрмыстық көмектер, сенбіліктер өткізілді. Ірі кәсіпорындардың, мекемелердің жеке кәсіпкерлердің көмегімен аз қамтылған отбасыларына «Мың алғыс» қайырымдылық акциялары ұйымдастырылды.
Алғыс айту күні аясында өткізілген «Шашу» қайырымдылық акциясы барысында 4200 адамға 9 млн 300 мыңның көмегі көрсетілді.
7 наурыз күні Жамбыл облыс әкімінің басшылығы қаланың көп балалы және мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеп отырған аналардың мекен-жайларына барып, мерекелерімен құттықтап, тұрмыстық техникалар мен тәтті тағамдар себеттерін табыс етті.
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының өзбек этномәдени бірлестігі 300 көп балалы және мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеп отырған аналарға арнайы дастархан жайып, этнос әйелдеріне 500 мың теңгеге қайырымдылық жасады.
8 наурыз – халықаралық әйелдер күніне арналған іс-шаралар барысында 2450 отбасына 11млн. 648 мыңның көмегі көрсетілді
2019 жылдың 17 наурыз күні Жуалы ауданы бойынша 50 көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға 630,0 мың теңге көлемінде азық-түлік таратылды. 2019 жылдың 19 наурыз күні «Нұр Отан» партиясы Жуалы аудандық филиалының ұйымдастыруымен мерекелік қайырымдылық шарасы өткізілді. Шара барысында әр бастауыш ұйым өздері орналасқан елді мекендердегі 70 отбасына, аудандық партия филиалы тарапынан кәсіпкерлерді, партия активін тарта отырып, 13 отбасына әлеуметтік азық-түлік, 4 отбасына қатты отын – 10 тонна көмір түсіріп, 1 азаматқа құлақ есту құралын, 5 отбасының балаларына тегін «Білімді ұрпақ» білім орталығының сертификаттарын, 2 отбасының балаларына планшеттер берілді. Сонымен қатар, өтінішпен қайырылған бір азаматтың жалдамалы пәтер ақысының тоқсандық үш айы кәсіпкерлер тарапынан төленді. Жасалған қайырымдылық шараларының жалпы құны 1 млн. 750 мың теңгені құрады. Шара барысында, аз қамтылған көп балалы отбасыларға арнап мерекелік бағдарлама ұйымдастырылып, дастархан жайылды.
Достық үйінің алаңында 18 наурыз «Ынтымақ» күніне орай «Қош келдің, әз Наурыз» атты мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, туған жер, ел, достық сынды тақырыпта әр түрлі тілде әндер шырқалып, ғимараттың оң жағында жастарға арналған «Алтыбақан» орнатылды. Тоғызқұмалақ, асық, ләңгі және тағы басқа ұлттық ойындар ойнатылып, сыйлықтар берілді, халық өнері шеберлерінің қатысуымен көрме, мастер класс өткізіліп, ғимарат жанында шырша ағаштары отырғызылды. 300 көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар, қарттар, жалғызбасты аналар арнайы шақырылып, 1200 қала тұрғындары мен қонақтарға арналған киіз үй тігіліп, дастархан жайылды, қазақ халқының ұлттық тағамдары — наурыз көже, бауырсақ, құймақ және палау дайындалып, көпшілікке таратылды.
Неміс этномәдени бірлестігі есепті мерзімнің I тоқсанында тегін медициналық дәрі-дәрмектермен этностарына көмек көрсетті. Атап айтқанда, Тараз қаласына — 35, Байзақ ауданына – 61, Меркі — 66,Талас ауданына – 36, Сарысу ауданына -52, Т.Рысқұлов ауданына – 75 аталымдағы дәрі-дәрмектер әперілген. Сондай-ақ, Қаратау қаласында тұратын 1 топ мүгедегіне арнайы арба алынған.
Наурыз мерекесінде 8764 адамға (2110 отбасына) 16 млн. 645 мың теңгеге қайырымдылық жасалды.
«Шашу» қайырымдылық акциясы бойынша облыстық баспасөз беттерінде 46 баспасөз жарияланымы, 12 телесюжет, 16 облыстық (4 республикалық сайт), 25 әлеуметтік желіде материалдар жарық көрді.
Жалпы «Шашу» акциясы аясында наурыз айында 16446 адамға 39 млн. 381 мың теңгенің қайырымдылығы жасалған.

С.Жапарұлы

Leave A Reply

Your email address will not be published.