Ассамблея – бейбітшілік пен келісімнің шынайы шырақшысы

0

Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ,
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚХА хатшылығының меңгерушісі

Қазақстан үшін тұрақтылықты, этносаралық келісімді қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары беделді халықаралық сарапшылар Қазақстанның этностық және діни қақтығыстар салдарынан ыдырап кетуі мүмкін деген болжамдар айтқанын көпшілік ұмыта қойған жоқ. Бірақ мұндай пессимистік болжамдар орындалған жоқ.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси ерік-жігері халық бірлігін қамтамасыз етуге бағытталды.
Бұл саясаттың өмірде іске асырылуы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделінде көрініс тауып, ол халықаралық тұрғыдан мойындалды.
Оның бірқатар айрықша ерекшеліктерін атап көрсеткен жөн.
Біріншіден, ҚР Конституциясында этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласын толықтай реттейтін нормалар бар.
Ол «біз, Қазақстан халқы» деген сөздерден басталады, бұл әуел бастан-ақ елдің барлық азаматының ортақ идеясын білдіру үшін жазылған. Бұл ретте бізде аз ұлттар ұғымы қолданылмайды. Біз біргеміз, біртұтаспыз және үлкен ұлт немесе кіші ұлт деп бөлінбейміз.
Негізгі заңның 1-бабында Қазақстан Республикасы қызметінің негізгі принциптерінің бірі «қоғамдық келісім» деп жария етілді.
Барлық азаматтың, олардың ұлтының қандай екеніне қарамастан, құқықтары мен бостандықтарының теңдігі бекітілген.
ҚР Конституциясының 39-бабында, 2-тармақта «ұлтаралық және конфессияаралық татулықты бұзатын кез келген әрекет конституциялық емес деп танылады» делінген.
Екіншіден, мемлекет ұлттық саясаттың ойластырылған стратегиясын іске асыра отырып, дәйекті түрде этносаралық қатынастар саласындағы тұрақтылықтың кепілі.
Бұған мына фактілер дәлел болады: Тәуелсіздіктің 26 жылы ішінде тек ҚХА қызметіне қатысты мәселелер бойынша Конституцияға, «Қазақстан халқы ассамблеясы туралы» заңға екі рет түзетулер қабылданды. Прези-денттің 10-нан астам Жарлығы шықты. ҚХА-ның ортамерзімді кезеңге ар-налған (2011 жылға дейін) стратегиясы іске асырылды, Қазақстан халқы ассамблеясының 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы қабылданды.
Бұдан басқа, мемлекеттік бірегейлікті қалыптастыру тұжырымдамасы, «Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін же-тілдірудің 2006-2008 жылға арналған бағдарламасы», басқа да құжаттар әзірленіп, іске асырылды.
Үшіншіден, Елбасының саяси ерік-жігерінің арқасында этникалық және діни қатыстылығына қарамастан, азаматтық тең құқықтылықтың нақты институционалдық тетіктері құрылып, жетілдіріліп келеді.
Негізгі институт – 1995 жылы консультативтік-кеңесші орган ретінде құрылған Қазақстан халқы ассамблеясы. Оны құру идеясын Елбасы Н.Назарбаев 1992 жылы өткізілген Қазақстан халықтарының 1-ші фо-румында жария еткен болатын.
2007 жылғы конституциялық реформа ассамблеяны конституциялық мәртебесі бар мекеме ретінде бекітті.
Ассамблеяға кепілді түрде парламенттік өкілдік қамтамасыз етілді, ал ол сайлайтын Мәжілістің 9 депутаты Қазақстанның этникалық топтары мүдделерінің барлық жиынтығын құрады. Мәжілістің қазіргі шақыры-лымында 31 адамнан тұратын ҚХА депутаттық тобы жұмыс істейді, оған Парламенттегі барлық партия өкіл кіреді. Облыстық мәслихаттарда да осындай топтар құрылған.
2008 жылғы қазанда «Қазақстан халқы ассамблеясы туралы» заң қабылданып, қызметін нормативтік-құқықтық реттеуді, орталықтағы және өңірлердегі институционалдық вертикаль бірлігін қамтамасыз етті.
Төртіншіден, ҚХА құрылған сәтінен бастап қанатының астында елеулі қоғамдық инфрақұрылымды қалыптастырып, біріктірді.
Бүгінде ассамблея қамқорлығымен 1025 этномәдени бірлестік (ЭМБ) жұмыс істейді, оның 28-і республикалық мәртебеге ие. ЭМБ активі –
348 мың адам.
Елімізде 40 Достық үйі, Алматы қаласында – Республикалық Достық үйі ассамблеяның көп функционалды ресурс орталығы ретінде жұмыс істейді.
2009 жылы Елбасы тапсырмасы бойынша ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесі (ҚХА ҒСК) құрылды. Оның құрамында 52 ғалым, зерттеу институт-тарының басшылары мен қоғам қайраткерлері бар. Барлық өңірде ғы-лыми-сараптамалық топтар құрылып, олардың қызметіне 300 ғалым мен сарапшылар тартылған. Бұл топтар үшін өңірлік жоғары оқу орындары ғылыми база болып саналады.
Қазақстан халқы ассамблеясы кафедраларының қауымдастығы құрылды. Еліміздің жетекші жоғары оқу орындары мен колледждерінде ҚХА 42 кафедрасы жұмыс істейді, жастарды мемлекет жүргізіп отырған этносаясат рухында оқытуды қамтамасыз етеді.
Барлық өңірде ассамблея қамқорлығымен облыстық, қалалық, аудандық және ауылдық деңгейлерде, сондай-ақ ірі кәсіпорындардың ұжымдарында 3 014 Қоғамдық келісім кеңесі және 1 753 Аналар кеңесі құрылған. Олар жергілікті жерлерде, халықтың өзекті мәселелерін шешуге, соның ішінде қақтығыстардың алдын алу саласында белсенді қатысады.
ҚХА қызметінің бір бағыты – қоғамдық келісім саласында медиацияны дамыту. Инклюзивті желіге 1 республикалық және 32 өңірлік кеңес, сон-дай-ақ 628 медиация кабинеті кіреді. ҚХА медиаторларының саны – 863.
Ассамблея қайырымдылықтың дамуына жәрдемдеседі. Жыл сайын қайырымдылық ұйымдары мен донорларының жалпы республикалық нау-қаны мен «Қайырымдылық керуені» форумы өткізіледі. 2018 жылы ел бойынша 17 мыңнан астам қайырымдылық іс-шара өтті, 400 мыңнан астам адамға жалпы сомасы 10,4 млрд теңгеге тең көмек жасалды.
2017 жылы меценаттық және қайырымдылық қызметін дамытуға сіңірген еңбегі үшін «Жомарт жан» төсбелгісі тағайындалды. 2017-2018 жылдарда бұл төсбелгі 78 меценатқа табыс етілді.
2011 жылы «Қазақстан халқы ассамблеясы кәсіпкерлерінің қауым-дастығы» құрылған болатын. Оның республиканың барлық өңірінде өкілдіктері бар. Қауымдастықтың қызметі бизнес-жобаларды қолдауға, инновацияларды, жаңа технологияларды, инвестицияларды тартуға және енгізуге, кәсіпкерлік топтарды шоғырландыруға бағытталған.
ҚХА журналистерінің республикалық және өңірлік клубтары жұмыс істейді. Олардың құрамында республикалық БАҚ өкілдері, блогерлер мен этносаралық қатынастар саласының сарапшылары бар. 2017 жылдан бастап ассамблеяның жаңартылған көп функционалды assembly.kz веб-порталы іске қосылды.
2018 жылдың наурыз айында ҚХА «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы құрылды. Барлық өңірде этномәдени бірлестіктердің 135 жастар қанатын біріктіретін өңірлік штабтары, 22 мыңнан астам белсенді мүшелері тіркелген.
Бесіншіден, этностардың мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін дамыту үшін барлық мүмкіндік жасалған.
Ұлттық театрлар: ұйғыр, корей, неміс, өзбек театрлары табысты еңбек етуде. Алғашқы үшеуі 2017 жылы «академиялық» мәртебеге ие болды.
Республикада этномәдени бірлестіктердің 52 БАҚ-ы тіркелген. Ең ірі республикалық газеттер мемлекеттің қолдауымен жарық көреді.
Қазақстандық этностардың мәдениетін, дәстүрлері мен тілдерін дамытуға қолдау көрсету үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бөлінеді.
Осылайша, Қазақстанда этносаралық келісімді қамтамасыз етудің тиімді саяси-құқықтық және институционалдық-басқарушылық жүйесі қалыптасты.
Бүгінде елдегі этносаралық қатынастар тұрақты. Әлеуметтік мониторинг деректері бойынша, респонденттердің 93%-ға жуығы өзара достықты қолайлы және тыныш деп бағалайды, осы саладағы мемлекеттік саясатты қолдау деңгейі де шамамен 93%. Респонденттердің 97%-ы өзінің біртұтас Қазақстан халқына жататынын мақтанышпен айтады.
2018 жылғы сәуірде Ассамблея туралы заңға оны институционалдық нығайтуға бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Биыл қоғамдық сананы, әлеуметтік саясатты жаңғырту міндеттерін көрсететін ҚХА дамуының жаңартылған тұжырымдамасы (2025 жылға дейін) қабылданды.
Тұтастай алғанда, Тәуелсіздік жылдары ассамблея консультативтік-кеңесші органнан конституциялық мәртебесі бар мекемеге дейінгі үлкен эволюциялық жолдан өтті.
Еліміздің жаңа тарихының шешуші кезеңдерінде ассамблея әрдайым тұрақтандырушы және біріктіруші рөл атқарды.
ҚХА сессияларында маңызды мәселелер қаралды, олардың ішінде жаңа Конституция қабылдау жөніндегі референдум, институционалдық рефор-малар, әлеуметтік, рухани жаңғырту бағдарламалары бар. Сонымен қатар ассамблея өз қызметінде халықтың мол ауқымын қамти отырып, азамат-тық қоғамның дамыған сегменттерінің біріне айналды. Мемлекеттік құры-лыстың жаңа кезеңінде аса маңызды саяси және конституциялық тұрақты белгілердің бірі ретінде «бейбітшілік және келісім» қағидатының мәні арта түсуде.
Қазақстан халқы ықпалдастығының бағыттары мен векторларының барлық спектрін көрсете отырып, ассамблеяның қоғамдық-саяси рөлі күшейе түседі. Біріншіден, әлеуметтік әл-ауқаттың ұлттық моделін қалып-тастыруда ассамблеяның әлеуметтік маңызы артуда.
Бірінші кезекте, бұл қоғамның революциялық емес, эволюциялық дамуына алғышарттар жасайтын құрал ретінде қайырымдылық пен медиацияны дамытуға оң әсер етеді. Сонымен қатар этностық ортада кәсіпкерлікті дамытуға және этностардың тарихи отандарымен экономикалық ынтымақтастықты пайдалануға баса назар аударудың маңызы зор.
Екіншіден, Қазақстан халқы ассамблеясы қоғамдық сананы жаңғырту және осы процесске барлық қазақстандық этносты тарту процесінің драйверлерінің бірі. Бұл ретте «Қазақтану», «Мәміле», «Мың бала» сияқты жобаларды іске асыру елдегі мәдени-тілдік ортаны одан ары үйлес-тіруді, ортақ құндылықтардың, мақсаттар мен міндеттердің бірлігін қам-тамасыз етуге бағытталған. Рухани мәдени интеграция үрдістерінің маңыз-ды құрамдас бөлігі – тарихи сананы жаңғырту барлық этносты біріктіруші бірлік негіздері, дүниетанымымыздың, халықтың өткені, қазіргі күні және болашағының іргелі негізі.
Үшіншіден, Қазақстан халқы ассамблеясы ХХІ ғасырда азаматтық бірегейлікті қалыптастырудың және оны ел азаматтарының әрбір жаңа буынында молайтудың маңызды тетіктерінің бірі болып қалады. Жаһан-дану жағдайында бұл – егемендік пен тәуелсіздікті сақтау шарттарының бірі, ұлттық қауіпсіздік факторы.
Қазақстан халқы ассамблеясының өткен сессиясы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы, ҚХА Төрағасы Н.Назарбаевтың және Мемлекет басшысы Қ.То-қаевтың қатысуымен өткен маңызды қоғамдық-саяси шара болды. Сессияда ҚХА алдына жаңа міндеттер қойылды, олар қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті одан ары нығайтуды қамтамасыз етуді мұрат етеді.
Сондықтан алдымызда бізді ұлттық бірлікті, бейбітшілік пен келісімді нығайту жөніндегі Елбасы бағдарының сабақтастығын қамтамасыз ету мәселелерінің барлық саласы бойынша жауапты жұмыс күтіп тұр.
ҚХА Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке бастамасымен құрылған біріктіру мен ықпалдастықтың бірегей институты және солай болып қала береді. Ол әу баста-ақ қоғамдық өмірмен астаса өріліп, жоғары позицияға ие болды. Ел-басының ассамблея біздің еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің шынайы сақтаушысына айналғанын атап өтуі кездейсоқ болмаса керек!

Leave A Reply

Your email address will not be published.