Шалғай ауылдағы шапағатты іс

0

Мойынқұм аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жан жылуы» атты волонтер жастардың қамқорлық акциясы аясында «Қамқорлық дүкені» ашылды.

«Қамқорлық дүкенінің» негізгі мақсаты күнкөрісі төмен, көпбалалы және тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан, жетім-жесірлер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету.
Әлеуметтік дүкеннің ашылуында аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жанар Несіпбаева сөз сөйлеп, игі бастаманың бұқара үшін тигізер пайдасы зор екеніне тоқталды.
– Ауданымызда әлеуметтік көмекке зәру жандар аз емес. Олардың ешқайсысы қамқорлықсыз, қолдаусыз қалмайды. Бұған ауыл тұрғындары да белсенділік танытып, атсалысады деп сенемін. «Қамқорлық дүкенінің» қайырымы мол болсын, – деді Ж.Несіабева.
Ал аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Айбат Байғонысов жастар мен кәсіпкерлерді әлеуметтік дүкеннің жұмысына атсалысуға шақырды.
Бұл күні аз қамтылған отбасылар Қ.Әбдібай, Ж.Әбдібай және көпбалалы жанұялар Л.Алибаева мен М.Кокежановаларға киім-кешек түріндегі көмек көрсетілді.
«Қамқорлық дүкені» алдағы уақытта да қайырымдылық бағытындағы жұмыстарын жалғастыра бермек.

С.Тілеужан

Leave A Reply

Your email address will not be published.