Спорт майталмандары Әулиеата төрінде

0

Бүгін М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің базасында аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев өңірімізден шыққан, ел намысын халықаралық ареналарда абыроймен қорғап, атой салған спортшылармен кездесу өткізді.
Кездесуге Жақсылық Үшкемпіров, Бақтияр Артаев, Болат Жұмаділов, Ақжүрек Таңатаров, Марат Жақыт, Бейбіт Ыстыбаев, Елдос Сметов, Зульфия Габидуллина, Әбілхан Аманқұл, Гузалия Гафурова, Әлішер Ерғали…
Бұл тізімді шексіз жалғастыра беруге әбден болады. Өйткені киелі Жамбыл топырағы чемпиондарға бай.
Отырыста бапкерлердің хал-ахуалын жақсарту, өзге де аймақтардан білікті мамандарды тарту, ауылдардан талантты, дарынды жігіттерді табу, спорттық медициналық орталық ашу, облыс орталығындағы спорт интернатында оқитын оқушылар санын арттыру сынды мәселелер сөз болды. Сонымен қатар спорт саласының біршама түйткілді мәселелері көтерілді. Сөз соңында Бердібек Мәшбекұлы қазіргі жағдайға қарамастан кездесуге келген спортшыларға өз алғысын білдірді. Жиында сөз болған түйткілді мәселелердің түйінін шешу үшін осы сала мамандарына нақты міндеттер жүктеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.