Кәсіптік білім алғаны туралы дипломдар тапсырылды

0

Сотталғандарды әлеуметті ортаға қайта бейімдеу – көкейтесті мәселелердің бірі, оның шешімі тек құқық қорғау органдары емес, нақты мемлекет және азаматтық қоғам институттарына тәуелді. Бұл мәселе әсіресе Білім және ғылым министрлігі мен жоғары оқу орындарымен тығыз байланысты.

Шетелдік тәжірибені пайдалана отырып, Қазақстан сотталғандарды әлеуметтік бейімдеудің жеке процесін әзірледі. Ол арқылы сотталғандар абақтыда отырып жоғары білім ала алады. Олар бостандыққа шыққан кезде өзгелер сияқты жұмыс істеп кетуі үшін осындай жағдай жасалған.

Аталмыш мүмкіндік көптеген жазасын өтеушілерге кәсіптік және техникалық білім алып, дипломын иеленуге мүмкіндік беріп отыр. Жуырда Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЖД-158/2 мекемесінде білім алғаны туралы құжаттар тапсырылды. Түзеу мекемесінің жанындағы №15 техникалық және кәсіптік білім колледжінің «электрмен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша 25 сотталған азамат аяқтап, аталған оқу орнының дипломын аллы. Аталған азаматтар күндізгі оқыту негізі бойынша білім алған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.