Медицина қызметкерлерін құттықтады

0

Маусым айының үшінші жексенбісі — Медицина қызметкерлерінің күні. Кәсіби мерекені Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ақ халатты жандары кең көлемде атап өтті.

Шарада департаментке қарасты ЖД-158/4 мекемесінің дәрігерлері және жеке құрам қызметкерлері қатысты. Үздік қызмектерлер мекеме әкімшілігі тарапынан алғыс хатпен марапатталды.

— Бұл күн дәрігерлер сый-құрметке бөленетін күн. Ақ халатты абзал жандар төл мерекені атап өтуге бас қосты.

Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда негізгі басымдылық, ол — медициналық, санитарлық көмек көрсетуді жақсарту. Құрметті медицина қызметкерлері! Ерен еңбектеріңізге алғыс білдіреміз, — деген мекеме басшысының міндетін атқарушы Бақытжан Байжігітов дәрігерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі.

Айда Мұсаева,
ЖД-158/4 мекемесі кадр тобының бас маманы әділет майоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.