«Ұлттық ойын — халық мұрасы»

0

Бүгін №19 Спорт кешенінде Мойынқұм ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Ұлттық спорт түрлерінен облыстық «Ұлттық ойын — халық мұрасы» атты спартакиадасы өтті.
Спартакиаданың ашылуын Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Берікқожа Серікбол Қайратұлы ашып, қатысушыларға ізгі тілегін білдірсе, ал аудан әкімінің орынбасары Төлегенов Сәбит Орынбетұлы сәттілік тіледі. Сонымен қатар, аталмыш шараға облыстық Арай газетінің бас редакторы Дәулет Төленді қатысты.
Облыс жастары мен жасөспірімдері арасында спорттың бұқаралығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, аудан жастары мен жасөспірімдерін дене шынықтыру және спортпен, оның ішінде ұлттық спорт ойындары асық ату, ләңгі тебу, арқан тарту, аударыспақ, теңге алу т.б. түрлерімен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында өткізілді. Онда Мойынқұм, Сарысу, Жамбыл, Жуалы, Шу, Талас, Т.Рысқұлов аудандары мен Тараз қаласының командалары асық ату, ләңгі тебу, арқан тарту, аударыспақ, теңге алу кезеңдері бойынша бақ сынады.
Нәтижесінде Жамбыл ауданы ІІІ-орын, Т.Рысқұлов ауданы ІІ-орын, Мойынқұм ауданы І-орын.
Ал арқан тарту кезеңі бойынша Шу ауданы ІІІ-орын, Т.Рысқұлов ауданы ІІ-орын, Мойынқұм ауданы І-орын. Ләңгі тебуден ІІІ-орын Тараз қаласы, ІІ-орын Шу ауданы, І-орын Сарысу ауданы. Асық атудан ІІІ-орын Мойынқұм ауданы, ІІ-орын Жуалы ауданы, ІІІ-орын Жуалы ауданы. Аударыспақтан ІІІ-орын Т.Рысқұлов ауданы, ІІ-орын Талас ауданы, І-орын Мойынқұм ауданы. Теңге алудан ІІІ-орын Шу ауданы, ІІ-орын Жуалы ауданы, І-орын Мойынқұм ауданына бұйырды. Барлық командалар мен қатысушыларға арнайы дипломдар, Кубоктар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Айта кетер жайт, спорттық жарыс барлық санитарлық талаптардың сақталуымен өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.