«Балаларға балмұздақ»

0

1 – маусым Халықаралық балалардың құқығын қорғау күніне орай, «Nur Otan» партиясы Жамбыл аудандық филиалы партияның «Бақытты отбасы» және «Келергісіз келешек» жобасы аясында партия аудандық филиалы депутаттық фракциясының мүшелері Р.Бегалиев, Р.Аширов, Т.Абдибеков, және Н.Сматов аудандағы көп балалы 69 отбасына 400 балмұздақты балаларға жеткізді. Көп балалы және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған аналардың алғысын арқалаған азаматтардың бұл жомарттығы алдағы уақыттада жалғасын табады деп сенеміз. Себебі жыл сайын жоғарыдағы азаматтар және басқа да аудандық мәслихат депутаттары қайырымды істерден қалған емес. Өз кезегінде балмұздақты балалардың қолына жеткізуге мұрындық болған партия аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ-на көп балалы аналар алғыстарын жаудырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.