Қоғамдық кеңес отырысы өтті

0

Бүгін Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаевтың төрағалық етуiмен аудан әкiмдiгі жанындағы қоғамдық кеңестiң кезектi отырысы болып өттi. Онда тыңдалған, көтерiлген мәселелер жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының жайы болды. Отырысқа мәслихат хатшысы Рүстем Бегалиев, аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбеков қатысып отырды. Жиынды ашқан Сәкен Қаланұлы: «Өрнек аулында салынып жатқан жол сапасыз, мердігер компанияларға олқылықтарды айтып отыру керек. Әрбір нысан салынып жатқан құрылысқа асқан жауапкершілікпен қарау керек. Бұл сіз бен біздің қалтамыздан емес мемлекеттің қаражаты екенін естен шығармаған жөн. Қоғамдық топтың мақсаты турасын кемшіл тұстры болса айтып, зерделеу жұмысына асқан жауапкершілікпен қарау», – деді.
Сондай-ақ құрылыс нысандарында санитарлық талапты қатаң бақылауға алу керектігі сөз болды. Жиын үстiнде қаралған мәселелер жөнiнде кеңес мүшелерi А.Жанқоразов, Ж.Қуанышбаев пiкiрлерiн айтты. Кеңес отырысын аудан әкімі Сәкен Қаланұлы қорытындылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.