Бірнеше нысанға ескету берілді

0

Жамбыл ауданында кәсіпкерлік нысандарына жүргізілген зерделеу жұмысы бойынша штаб отырысы өтті. Аудан әкімінің орынбасары Үміткен Найманова жүргізген жиынға аудан әкімді кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Бауыржан Төлендиев, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Асель Сапахова, Аса ауылдық округінің әкімі Бауыржан Қалшымбетов және учаскелік полиция инспекторлары қатысып отырды. Күн тәртібінде карантин талапртарын ескермеген, санитарлық ережелерді бұзған «Строй Маркет», «Крон Ойл», «SN», «Асқанбеков» кәсіпкерлік нысандарының басшыларына ҚР Бас санитардың 36 қаулысына сәйкес, санитариялық-дезинфекциялық режимді және қосымша талаптарды сақтамаған үшін қатаң ескерту берілді. Басқосуда шешімін кейінге қалдырмауды талап ететін негізгі мәселелер ортаға салынып, коронавирус инфекциясының тарауына жол бермеу шараларының жүйелі орындалуы әрі талаптарды қатаң сақтау жөнінде сөз болды. Ал, кәсіпкерлер өз тарапынан олқылықтың орнын толтырып, қалыпқа келтіреміз деп уәде берді. Ал құзырлы органдар енді талап сақталмаса, жабу туралы іс сотқа жолданады деп сендірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.