Ұстазға хат…

0

Менің атым Аяжан. Мен Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылында орналасқан Ғани Мұратбаев атындағы гимназияның 3 «ә» сынып оқушысымын. Оқу жылы сәтті басталып, алаңсыз білім алып жатқан оқушының бірі едім. Елімізде төтенше жағдайға байланысты карантин жарияланып, 4 — ші тоқсанды қашықтықта оқып, білім алудамыз. Алғашында мен сияқты сыныптастарымның дайындығы бірнеше рет тәжірибеден өтті.

Әр оқушыны дағдыландыруға мектеп ұжымы көп еңбек етті. Әлеуметтік желі арқылы ата — аналар жиналысы, түсіндірме көптеген жұмыстар жүргізілді. Осы тұста сынып жетекшіміз Замира Қожахметованың өлшеусіз еңбегін айтқым келеді. Алғашқы күннен — ақ, оқу барысында әр түрлі әдістерді қолдана отырып, өткен тақырыпты түсіндірді. Сабақ уақытанан тыс кезде әр түрлі тақырыпта сурет салу, еңбекке араласу, бейнероликтер әзірлеп, қашықтықтан байқауларға қатысып, оқу жүйесі қызықты өтіп жатыр. Ал бұл әрине, мұғалімнің арқасы. «Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан болады», — деп, Абай атамыз айтқандай, «Ұстаз — ең қастерлі ұғым». Ғалым да, ақын да, дәрігер де, ғарышкер де,құрылысшы да бәрі-бәрі ұстаздан білім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Біз сияқты мыңдаған бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, таудай азамат етіп шығаратын ұстаздарға қарыздармыз. Мен де сыныптағы достарымның атынан ұстазым Замира Қожахметоваға алғыс білдіремін. Тек қана пандемия кезінде емес, әрқашан қолдау білдіріп, өнегелі тәрбие берген маман. Біздің «мектеп» атты ыстық ұядағы екінші анамыз. Мың алғыс Сізге!

Leave A Reply

Your email address will not be published.