Жүректен шыққан жылы сөз…

0

Кешкі Тараз … Карантин …

Қазыбек би — Абай Құнанбаев көшесінің қиылыстары… Сағат 19.57- ден кетті. Көше тыныш … Тоқтар көлік жоқ …Жаяу жүруге бел байладым… Екі адым басқаным сол еді, көліктің қарасы көрінді. Кілт тоқтап : «Әпке, келіңіз отырыңыз» деп, жол жөнекей тағы бір әпкені отырғызды.

Отырып, назар аударсам, полиция қызметкері екен:

-Әпке, тәртіп қатал, сәл кешіктіңіз, абайлаңыз, мен қазір ауысымнан шығып үйіме бет алған бетім, қаншама көмек қажет ететін адамдарды көрдім, бірдеңеге ұшырап қалмасын деп ала кеткен бетім еді деп ескертуде.

Жанымдағы жолаушы апай екеуіміз үлгере алмағанымызды түсіндірдік … Межелі орныма келіп, ақша ұсынсам, қажеті жоқ деуде…

Алғысымды білдіріп кете бердім …

P/s:  Білесіз бе, бұл өмірде «шын адамдар» бар!

Мен сіздің қай бөлім, қай батальонда жұмыс жасайтыныңызды білмесем де, Есенғали Серік мырза — полицей болса сіздей болсын ! Бұл өмірде ең бастысы — адам болып қалу демекші, адамдығыңызбен қызметіңіздің адалдығыңызға алғыс білдіремін.

Полицей болса, сіздей болсын !

Гүлжан Байтанаева

Leave A Reply

Your email address will not be published.