Коронавирус – індет, алдын алу – міндет

0

Жедел штаб жұмысымен танысты
Бейсенбіде Жамбыл облысына іссапармен келген коронавирустық инфекцияға қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық жұмыс тобының мүшесі, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бас инспекторы Серік Қожаниязов облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаевпен бірге Жамбыл ауданында болды. Жуырда ауданда төтенше жағдай режиміне байланысты құрылған жедел штабтың жұмысымен танысты. Оны аудан әкімі Сәкен Арубаев жұмыс барысы туралы хабардар етті.
– Елдегі төтенше жағдайға байланысты ауданда жедел штаб құрдық. Жедел штаб жеті топтан тұрады. Олар блок посттардың, аудандағы штабтың жұмысын үйлестіреді, медициналық, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті және азық-түлік қауіпсіздігін, жеке тұлғалардың, көліктің және тауарлардың қозғалысын қадағалайды, әлеуметтік қорғау және еңбек қатынастарын реттейді, ауданның өмірін қамтамасыз етеді, тұрғындарды ақпараттандырады және БАҚ-пен өзара іс-қимыл ұйымдастырады. Штаб күнделікті сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.
Аудан тұрғындары штаб орталығына хабарласып, штаб мүшелерінен өзіне қажетті ақпаратты алып отыр, – деді басшы.
Өз кезегінде Серік Салауатұлы аудандық штабтың жұмысын оң бағалады.
Мұнан соң мемлекеттік бас инспектор «Halyk Bank» аудандық бөлімшесіне бас сұқты. Жауапты тұлғалардан атқарылып жатқан жұмыстар туралы сұрады. Бұл екі мекемеде де аудан тұрғындарына қажетті қызметтің барлық түрлері көрсетіліп жатқанын білді. Қазір басты міндет халық қажетін өтеу екенін алға тартты.
– Халық қажетін өтеу қажет. Мекеме қызметкелері тұрғындарға уақтылы қызмет көрсетуі тиіс. – деді өз сөзінде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.