Шексіз алғысымды білдіремін

0

Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі.

Өскелең ұрпақты достық, бір-біріне деген құрмет пен отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақстанда ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту. Алғыс айту күнінің мағынасы өте терең. Біріншіден, бұл бабаларымызға, бір-бірімізге, этностардың қазақ халқына алғысы. Қазақс-танның гүлденуіне көптеген этнос өкілдері еңбек етуде. Осы мереке қарсаңында аудандық күрді этно-мәдени орталығының жетекшісі Айдаров Камал Абдулкадирұлы өз алғысын былай жеткізді.

-Елімізде130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі шаңырақта тату-тәтті, береке мен бейбітшілікте, ынтымақта тұрып жатыр.  Қазақ халқын біз де өз туған жұртымыздай көреміз. Себебі, Қазақ елі бізді яғни Күрді халқын ешқашан бөтеніндей ысырып тастаған емес. Қашан да достық, ынтымақ, бірлікте бірге бас қосатын туысымызға айналды. Бүгінде біз Түркістан ауылдық округіне қарасты Арыстанды ауылында қазақтармен бірге тату-тәтті бір үйдің балалар-ындай тұрып жатқанымызға қаншама жыл өтті. Осында туып өстім. Бір-бірімізге бауыр басып, тіпті іздеп тұрамыз. Жұбайым Паришан Сүлейменова екеуміз  ұлдарымыз Жамал мен Далалға қазақтың ана тілін, салт-дәстүрін, ұлттық ойындарын әрдайым үйретіп отырамыз. Өйткені біздің және балаларымыздың кіндік қаны тамған жері киелі қазақ жері. Бұл үшін біз әркез қуаныштымыз. Мен өз елімде еркін өмір сүріп жатқаным үшін Қазақстан халқына, мені қолдап әркез қасымда жүрген бауырларым мен дос-тарыма шексіз алғысымды білдіремін,-деді.

Сәулет Есқараев

Leave A Reply

Your email address will not be published.