Қарашай-балкарлардың этнос күні аталып өтті

0

Қазақстан 140 этнос пен 19 конфессия өкілдерінің туған шаңырағына айналды. Азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім – біздің басты құндылығымыз.

Тараз қаласының «Достық үйінде» Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Архыз» республикалық қоғамдық бірлестігі – «Бірлік» қарашай-балкарлардың Жамбыл филиалы» этномәдени бірлестігінің этнос күні өтті.
Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Архыз» республикалық қоғамдық бірлестігінің жанындағы облыстық «Бірлік» қарашай-балкарлар Жамбыл филиалы» этномәдени бірлестігі ұйымдастырған басқосуда Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Махсудқызы жиылған қауымды атаулы күнмен құттықтады.
— Қазақстан – барлық этнос өкілдеріне кең құшағын жая білген қасиетті ел. Өңірлік «Бірлік» қарашай-балқарлар этномәдени бірлестігін бүгінгі этнос күндерімен құттықтай отырып, өткені мен болашағына зор құрметпен қарайтындығымызды білдіреміз. Қарашай-балқарлар қауымдастығына деген ықыласымыз шексіз. Ұйымның талапты, өнерлі жастарына өсіп-өркендеу тілейміз,- деп жылы лебізін білдірді.
Іс-шара барысында жастарды тәрбиелеу және үлкенге құрмет көрсету, ата-бабалар рухына тағзым ету, басқа да этникалық ерекшеліктерге қатысты дәстүрлерді сақтау мәселелері хақында көп ойлар айтылды.
– Қаншама қайғы-қасірет пен қуғын-сүргінді басынан өткерген қарашайлардың жанына батқан қиындығын тереңінен түсініп, ыстық ықыласын көрсеткен қазақ халқы бізге өте жылы көрінеді. Біздің ұрпақтарымыз қазақ топырағында өсіп-өніп, қазақ елі мен жеріне адал қызмет етіп келеді .
Саны аз болғанымен, қарашай-балқар жұрты ұлттық болмысын сақтап, мәдени орталықтары арқылы, өзіндік салт-дәстүр мен мәдениеті барда ұлт ретіндегі ерекшеліктерін қастерлей білетін халық. Бүгінде осы Ассамблея, тағдыры тоғысқан этностық ұлт өкілдерінің ауызбіршілігін бір шаңырақ астында ұйытып, бірлігін нығайту бағытында толайым тірліктер атқаруда — деді қарашай-балқарлар бірлестігінің басшысы Леля Ахмадқызы.
Жиын соңында Жамбыл облысы ҚХА игі іс-шараларына аянбай өз үлестерін қосып, қайырымдылық танытып жүрген «Бірлік» қарашай-балқарлар бірлестігінің Аналар кеңесінің беделді мүшелері мен шығармашылық жастарына алғыс хаттар мен сыйлықтар тарту етілді.

Жамбыл облысы әкімі аппараты
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз орталығы

Leave A Reply

Your email address will not be published.