Жаңалығы көп Жолдау болды

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған алғашқы Жолдауы әлеумет тарапынан қолдау тауып, қызу талқыланып жатыр. Осы ретте, жоғары оқу орнының құқық қорғау саласына қажетті кадрларды даярлайтын кафедраның меңгерушісі ретінде Жолдаудың азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігіндегі сот және құқық қорғау жүйесіне жүргізілетін реформалар жөнінде сөз еткім келеді.

Әсіресе, сот шешімдерінің сапасын арттыру, әкімшілік әділет құрылымын енгізу, жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және басқа да ауыр қылмыстарға, балаларға қатысты қылмыстарға қолданылатын жазаны қатайту мәселесі бойынша тиісті шаралар қабылдау маңызды болып табылады. Сонымен қатар, ұйымдасқан қылмыс, браконьерлік қылмыс проблемасын шешу,  сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күрес, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасалған мекеменің бірінші басшысының жауапкершілігін заңнамалық және нормативтік тұрғыдан нақты белгілеу қажет екені нақты айтылды. Осы ретте, құқық қорғау жүйесін толық реформалау, 2020 жылдың соңына дейін Әкімшілік полиция комитетінің жұмысын қайта ұйымдастыру, ішкі істер министрлігін реформалауға алдағы үш жыл ішінде 173 миллиард теңге бөлінетіндігі құқық қорғау саласын одан әрі жетілдіруге айрықша серпін беретіні сөзсіз.

Осы орайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын білім саласының қызметкерлері толық қолдайды, мемлекетіміздің баянды болашағы үшін аянбай еңбек ететініне сенім білдіреміз.

Айгүл Жүнісова,

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті

ЖД-158/2 мекемесі КСБ аға инспекторы,

әділет лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.