Этномәдени бірлестіктер 10 миллион теңге көмек берді

0

Түркістан облысы Арыс қаласынан көшірілгендер және зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының әтномәдени бірлестіктері де өз үлестерін қосуда. Облыстық «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері бір күндік жалақысын зардап шеккендерге аудару туралы шешім қабылдап, барлығы 119551 теңге есепшотқа салынды.

Бөден бөлек, берілген реквизитке «Жамбыл облыстық өзбек этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігі төрағасы Б.Муминов 200 000 теңге аударды. Сондай-ақ 2 500 000 теңге ақшалай көмекті өзбек этносының меценаттары жолдап және 15 тоннадай азық-түлік түрінде көмек көрсетті.
ҚХА аналар кеңесі Арыс оқиғасына арналған «Біз біргеміз» акциясын өткізіп, Арыс балаларына киім мен жеке гигиеналық заттар жинақтап, қаржылай 25 000 теңге ,50 000 теңгеге жеке гигиеналық заттар жинақтады және үндеу жасады.
«Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы қоғамдық бірлестігі, басшысы Давришев Махмутжон Мирадинович, 2 500 000 теңге көлемінде азық-түлік, балалар тамағы,бала жөргектері,жеке гигиенаға арналған заттар түрінде көмек қорын жасақтап жіберді.
Қордай ауданы «Славян » этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен 140 000 теңгеге 23дана балалар киім комплектісі, балалар және ересектер аяқ киімдері және сұйық май,ұн,макарон өнімдері және химиялық тұрмыстық заттардан құралған азық-түлік себеттері жиналды.
Қордай ауданы «ЙИНПАН» этномәдени бірлестігі ұйымдастыруымен 400 000 теңгеге сұйық май, ұн, макарон өнімдері азық-түлік себеттерін жинады.
«Жамбыл облысы дүнген мәдени орталықтарының қауымдастығы» ҚБ Басқарма мүшесі, құрметті президенті Исмазов Руслан Бакирович «Нұр Отан» филиалы арқылы 130 000 теңге аударды және 1 500 000 аса теңгеге 10 000 тонна азық- түлік жіберуге дайындап отыр.
Қазақстан Республикасы «Барбанг» күрділер ассоциациясының Жамбыл облысындағы республикалық филиалы» қоғамдық бірлестігі, басшысы Айдаров Латиф
Амзеевич, 1 270 000 теңгеге 10 тонна ауыз су эвакуацииялық пункттерге апарып берілді . Жамбыл облысы бойынша Махмұт Қашғари атындағы ұйғыр этно-мәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы орталық мешітіне 70 000 теңге қаржылай көмек апарды.
«Жамбылский областной центр языка и культуры польский «Полонез»
қоғамдық бірлестігі 135 000 теңге қаржылай көмек көрсетті.
«Вайнах» Жамбыл шешен-ингуштер мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі 300 000 теңгеге қаржылай көмек жасады. Басшысы Магомадов Рамзан Сапиевич,
«Жамбыл облыстық гректер қоғамы» қоғамдық бірлестігі 50 000 теңгеге азық түлік түрінде көмек жасақтап жіберілді.
Осылайша облыстық этномәдени бірлестіктері бойынша 9 389 551 теңгеге қайырымдылық жасалып отыр. Бұл сөз жоқ, көпке үлгі қыларлық тірлік.

С.Тілеужан

Leave A Reply

Your email address will not be published.